Атырау, 19 мамыр 09:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Молдова азаматтары 800 астаналықтың карточкаларына ұрлыққа түскен

2 187 просмотра

Сарыарқа аудандық соты Астана қаласы ІІД-нің Молдова азаматтарын Қазақстан Республикасының аумағынан шығару туралы талап арызын қарады,- деп хабарлады Қазақпарат.

Соттың анықтауынша, молдовалық екі азамат Кишинев қаласында жүріп, Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке шоттарынан ақшалай қаражаттарды ұрлау жөнінде қылмыстық келісім жасаған.

Осылайша, 2015 жылы 2 маусымда Молдова азаматтары «Кишинев-Астана» әуе рейсімен Астанаға ұшып келген. Қаскөйлер «Керуен» СОСО-да орналасқан «Халық банкі» АҚ-ның банкоматына арнайы техникалық құрал орнатқан. Сол арқылы пайдаланушылардың электронды нұсқада сақталған ақпараттарына ие болған. Қылмыстық әрекеттен 800 адам зардап шекті.

Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2015 жылы 26 қарашада Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты құқық бұзушыларды айыпты деп танып, мүлкін тәркілей отырып, жалпы режім колониясында 3 жыл жазасын өтеу үкімін шығарды.

2016 жылы 25 тамызда сотталушылар жазасының қалған бөлігі айыппұл түріндегі жеңілірек жазаға ауыстырылды.

Сарыарқа аудандық сотының шешімімен, Молодова азаматтары Қазақстан Республикасы аумағынан қуылады.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Дереккөз: Іnform.kz

12 қазан 2016, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.