Атырау, 8 ақпан 11:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

Елімізде трансплантация тегін жасалады

2 064 рет қаралды

Елімізде трансплантация тегін жасалады. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Бұндай қымбат операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізген соң ақысыз жасалады,- деп хабарлады BNews.kz.

Мамандардың айтуынша, қазір ағза трансплантациясына 3000-ға жуық азамат зәру. Елімізде көбінесе бүйрек, бауыр және жүрек алмастыру операциясы сәтті жасалып жатыр. Болашақта дәрігерлер ішек жолдарына да осындай операция жасауды қолға алмақ.

«Бауыр мен жүрекке жасалатын трансплантация шамамен 3 миллион теңге тұрады. Ал, тиісті бағдарлама қабылданған соң ел азматтарына мұндай көмек тегін көрсетілетін болады», – дейді Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті қалалық департаментінің басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Дереккөз: BNews.kz

12 қазан 2016, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.