Атырау, 22 желтоқсан 04:04
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Алматылық журналист өзіне "шабуылдағанын" мәлімдеді

2 046 рет қаралды

Сурет Ирина Медникованың мұрағатынан алындыАлматыда белгісіз біреу журналист Ирина Медниковаға шабуылдады. Бұл туралы Медникова Facebook-тегі парақшасында жазды,- деп хабарлады Азаттық.

Оқиға 12 қазан күні кешке жақын, журналистің үйінің қасында болған. "Шабуылдаған ер адам мені жерге сүйретіп, тіземді қан қылды, көлікке ұрып, сөмкемді тартып алып қашып кетті" деп жазады журналист.

"Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі" қоғамдық ұйымының директоры Ирина Медникованың сөзіне қарағанда, сөмкесінде Атырау қаласында өтетін ақпарат саласына қатысты шараның құжаттары мен материалдары болған. Informburo сайтының хабарлауныша, Медникова шабуылды өзінің қызметімен байланыстырады.

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек журналиске шабуыл жасау фактісі бойынша "кісі тонау" бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталғанын хабарлаған.

Ирина Медникова оппозицияшыл "Республика" газетінде мақала жариялап тұрған. Бұл басылым редакциясы мен журналистері газет ашылған 2000 жылдан бері қуғын көрген. Басылымды Қазақстан билігі "экстремистік" деп танып, жауып тастаған.

Дереккөз: Аzattyq.org

13 қазан 2016, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.