Атырау, 13 қазан 05:22
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Матаевтардың ісі мемлекет имиджіне соққы болды - саясаттанушы

2 542 просмотра

Алматы. ҚазТАГ – Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың ісі мемлекет имиджіне соққы болды, деп есептейді саясаттанушы Дастан Қадыржанов.

«Мені ең көбі бұл іс (Сейтқазы мен Әсет Матаевтардың – ҚазТАГ), кландар арасындағы мүлікке таласу деп түсіндірілгенімен мемлекеттің имиджіне соққы болып отырғаны қынжылтады. Біздің есімізде, атап айтқанда, ЕҚЫҰ қинау орын алғанын (С. Матаевқа қатысты – ҚазТАГ) мәлімдеді. Бұл жерде билік тарапынан прагматизм қайда, мен көріп отырған жоқпын, себебі имидж тек қазір емес, келешекте де зардап шегеді. (...) Сот залында айыптау айтылды, ал оған билік тарапынан жиынтық саяси күш ретінде ешқандай ишарат білдірілген жоқ», - деді Д. Қадыржанов сәрсе� �бі күні Zonakz.net порталына берген сұхбатында.

Ол елдің саяси имджімен қатар елдегі инвестициялық климат та нашарлауы мүмкін деген болжам айтады.

«Біз қазір инвесторларды тартып отырмыз, бірақ инвесторлар үшін сұрақ турасынан қойылады: агер осы елдің тумасының өзінен жеке меншігін тартып алып отырған болса, ертең менің күнім не болады? Мен Қазақстанда бизнес ашып нем бар, егер ертең кез келген адам әкімшілік-күш әлеуетімен оны тартып алатын болса? Және сотта мен өзімді қорғай алмайтын болсам», - деп қадап айтты саясаттанушы.

Сонымен қатар Д. Қадыржанов, С. Матаев тапсырыс берушілер туралы мәлім еткен соң, ол істі қосымша тергеуге жіберуі керек екенін атап өтті.

«Бұл айып сот залында айтылған екен, істі қосымша тексеруге жіберуі керек еді, Матаевтың айтқандарын не теріске шығару үшін, не оны растайтын деректерді табу үшін – оның қисыны да бар еді. Ал соттың бұл мәлімдеге көз жұмып қарауы таң қаларлық мәселе», - деді ол.

Еске салсақ, 3 қазанда Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотында Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты сот үкімі жарияланды. Сөйтіп, Қазақстан журналистер одағының басшысын мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айыру, ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың жеке мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Матевтардың адвокаттары үкіммен келіспейтіндерін және оған шағымдануға ниетті екендерін мәлімдеді.

С. Матаев соттағы өзінің «соңғы сөзінде» оны қылмыстық қудалауға тапсырма бергендердің атын атады. Олардың арасында парламент мәжілісінің төрағасы Н. Нығматулин болды. С. Матаевтың айтуынша, Н. Нығматулин бірнеше рет одан осы қылмыстық істі жауып тастауға айырбас ретінде халықаралық ҚазТАГ агенттігін беруін сұраған.

Дереккөз: ҚазТАГ

13 қазан 2016, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.