Атырау, 19 мамыр 09:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Бозымбаев: Қашаған кен орнынан алғашқы мұнай өндіріле бастады

2 512 просмотра

Қашаған кен орнынан алғашқы мұнай өндіріле бастады, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы барысында айтты.

"Өндіру басталып қана қойған жоқ, мен бүгін төрт ұңғымадан мұнай ағып жатқанын көрдім, тәулігіне 90 мың баррельдей болып қалатын көрсеткіш бар, Болашақ (Зауыт) та жұмыс істеп жатыр. Оны қалпына келтіру жалғасып жатыр, себебі қондырғының барлық түрі әлі жүктеліп жатыр. Сауда мұнайы Болашақ зауытынан шықты, таза, кеше кешкі уақытта "ҚазТрансОйл" резервіне құйылды. Ол сол жерде кезеңдеп жиналады. Оператор алдағы уақытта алғашқы экспорттық келісім шарт туралы айтады", - деді министр.

Айта кетейік, 14 маусымда өткен ҚР Үкімет отырысында Энергетика министрлігі мен "ҚазМұнайГаз" 2016 жылдың қазанында бұл кен орнындағы жұмысты жаңғыртуды келіскен болатын.

Сондай-ақ, осыған дейін Бозымбаев Қазақстанда қабылданып жатқан салық жүктемесін төмендету бойынша бірқатар шаралар мұнай сервисін одан әрі дамытуға ықпал ететінін айтқан болатын. Cонымен қатар, министр Қазақстандағы мұнай сервисі мәселелерін талқылау үшін отандық мұнай сервисі компанияларын мұнай-газ саласындағы ірі жобаларға тарту туралы ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылғанын айтып өтті.

Дереккөз: Tengrinews.kz

12 қазан 2016, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.