Атырау, 8 наурыз 00:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25

Қазақстанда

Сейтқазы Матаевтың соттағы соңғы сөзі биліктің өз ішіндегі саяси үдерістерге түрткі болуы әбден мүмкін – саясаткер Қазақстанда

Сейтқазы Матаевтың соттағы соңғы сөзі биліктің өз ішіндегі саяси үдерістерге түрткі болуы әбден мүмкін – саясаткер

Астана. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың соттағы сөйлеген соңғы сөзі биліктің өз ішіндегі кейбір саяси процестерге ұйытқы болуы әбден мүмкін, деп есептейді саясаткер және публицист Әміржан Қосанов. 29 қыркүйек 2016, 13:56 2 757 рет қаралды
Ақтөбеге Астанадан діни ахуал мәселесімен айналысатын топ барды Қазақстанда

Ақтөбеге Астанадан діни ахуал мәселесімен айналысатын топ барды

Бүгін Астанадан Ақтөбеге құрамында 200-ге тарта маманы бар арнайы топ келді. Бұл топ бір ай бойы Ақтөбеде болып, жеті бағыт бойынша жұмыс істейді. Соның бірі - аймақтағы діни ахуалды жақсарту және құқық қорғау қызметкрелерін террорлық қауіп-қатер кезінде әрекет етуге үйрету,- деп хабарлады Азаттық. 29 қыркүйек 2016, 13:25 2 236 рет қаралды
Абақтыда Слекишинаны зорлады деп айыпталған түрме бақылаушысы сотта соңғы сөзін айтты Қазақстанда

Абақтыда Слекишинаны зорлады деп айыпталған түрме бақылаушысы сотта соңғы сөзін айтты

Алматыдағы Түрксіб аудандық сотында сотталушыны зорлады деп айыпталған түрме бақылаушысының соңғы сөзі тыңдалды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Руслан Хәкімов өз кінәсін мойындаған жоқ және сотталушы жыныстық қатынасқа өз еркімен барғанын айтты. 29 қыркүйек 2016, 13:31 2 822 рет қаралды
Қапшағайда командирімен жанжалдасқан сарбаз қаза тапты Қазақстанда

Қапшағайда командирімен жанжалдасқан сарбаз қаза тапты

Қапшағай қаласындағы 32363 әскери бөлімінде бөлім командирімен жанжалдасқан сарбаз қаза таптын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 29 қыркүйек 2016, 11:07 2 207 рет қаралды
«Қазақстан Ресей сияқты, бәрі орысша сөйлейді» – Андрей Аршавин Қазақстанда

«Қазақстан Ресей сияқты, бәрі орысша сөйлейді» – Андрей Аршавин

Орыс футболының бұрынғы супержұлдызы, қазір Алматының «Қайратында» ойнайтын шабуылшы Андрей Аршавин Санкт-Петербургтің «Спорт День за Днем» басылымына сұхбат беріп, өзінің Қазақстандағы өмірі туралы сыр бөлісіпті,- деп хабарлады 365info.kz. 29 қыркүйек 2016, 10:48 2 365 рет қаралды
Ақтөбедегі базарлардың бірінде топ болып қақтығысқан жігіттер ұсталды Қазақстанда

Ақтөбедегі базарлардың бірінде топ болып қақтығысқан жігіттер ұсталды

Ақтөбедегі ұжымшар базарында бірнеше ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицейлер бір топтан құралған адамдардың төбелесін тоқтатты. 29 қыркүйек 2016, 10:44 3 103 рет қаралды
Нығматуллин мен Татубаев Матаевтың сөзін жоққа шығарды Қазақстанда

Нығматуллин мен Татубаев Матаевтың сөзін жоққа шығарды

Қазақстан парламенті мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматуллин мен коррупцияға қарсы іс-қимыл қызметінің басшысы Талғат Татубаев Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың кешегі сотта айтқан, "бұл азаматтар маған қысым жасады" деген сөзіне орай түсініктеме берді деп хабарлады Азаттық жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 28 қыркүйек 2016, 19:48 4 533 рет қаралды
Нығматулин Матаевтың айыбы туралы журналистер сауалына жауап бермеді Қазақстанда

Нығматулин Матаевтың айыбы туралы журналистер сауалына жауап бермеді

Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан журналистер одағының төрағасы, Астанада ісі қаралып жатқан Сейітқазы Матаевтың өзіне қатысты айыптауына түсінік бермеді,- деп хабарлады Азаттық. 28 қыркүйек 2016, 16:52 3 360 рет қаралды
Е.Тищенко қазақтардан кешірім сұрады Қазақстанда

Е.Тищенко қазақтардан кешірім сұрады

Ресейлік боксшы Евгений Тищенко өзінің «Ол ұлтты сыйламаймын» деген сөзі үшін кешірім сұрады. Оның айтуынша, аталған бейнебаян эфирге арналмаған болатын. Оны жасырын камерамен түсіріп алды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап. Бейнежазба 28 қыркүйек 2016, 16:46 2 554 рет қаралды
Бізді кәсіби қызметіміз үшін соттап жатыр – Әсет Матаев Қазақстанда

Бізді кәсіби қызметіміз үшін соттап жатыр – Әсет Матаев

Алматы. 27 қыркүйек. ҚазТАГ - Владимир Радионов. «ҚазТАГ» халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаев соттағы соңғы сөзінде оны, әкесі, Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевпен бірге кәсіби қызметі үшін соттап жатыр деп мәлім етті. 28 қыркүйек 2016, 10:17 2 403 рет қаралды
Ермегияевтің тәркіленген көліктерін министрлер мен депутаттар мінуі мүмкін Қазақстанда

Ермегияевтің тәркіленген көліктерін министрлер мен депутаттар мінуі мүмкін

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бұрынғы төрғасыТалғат Ермегияевтің қымбат көліктерін кез келген адам сатып ала алады,- деп хабарлады КТК телеарнасы. 28 қыркүйек 2016, 09:57 2 279 рет қаралды
Көшеге дәрет сындырған полицей анықталды Қазақстанда

Көшеге дәрет сындырған полицей анықталды

Көшеге дәрет сындырған полицей анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. Айта кетейік, полицейдің көлікте отырып, көшеге дәрет сындырғаны түсірілген сурет әлеуметтік желілерде пайда болған еді. 28 қыркүйек 2016, 09:50 2 182 рет қаралды
Сейтқазы мен Әсет Матаевтардың үкімі 3 қазанда жарияланады Матаевтар ici

Сейтқазы мен Әсет Матаевтардың үкімі 3 қазанда жарияланады

Астана. 27 қыркүйек. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. ҚР Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен ҚазТАГ бас директоры Әсет Матаевтың үкімі 3 қазанда жария етіледі, деп хабарлады агенттік тілшісі. 27 қыркүйек 2016, 19:59 5 074 рет қаралды
Сағадиев 2017 жылы өтетін ҰБТ жүйесінде қандай өзгерістердің болатынын айтты Қазақстанда

Сағадиев 2017 жылы өтетін ҰБТ жүйесінде қандай өзгерістердің болатынын айтты

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2017 жылы өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеу құрылымында қандай өзгерістердің болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 27 қыркүйек 2016, 16:23 2 837 рет қаралды
Прокурорлар Сейітқазы Матаевты 6 жыл 8 айға соттауды сұрады Матаевтар ici

Прокурорлар Сейітқазы Матаевты 6 жыл 8 айға соттауды сұрады

Прокурорлар Сейітқазы Матаевты жазалауға қатысты қандай шараны қолдануға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, таяуда Астана қаласының № 2 сотында Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаев және оның ұлы Әсет Матаевтың ісіне қатысты сот отырысы аяқталуға жақын. 27 қыркүйек 2016, 12:22 4 872 рет қаралды
Сағадиев: Биыл 68 нысанды бітіріп, 14 жаңа мектеп құрылысын бастау керек Қазақстанда

Сағадиев: Биыл 68 нысанды бітіріп, 14 жаңа мектеп құрылысын бастау керек

Биыл 68 нысанды бітіріп, 14 жаңа мектеп құрылысын бастау керек. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында еліміздің Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты,- деп хабарлады Қазақпарат. 27 қыркүйек 2016, 12:17 2 620 рет қаралды
Сейтқазы мен Әсет Матаевтар залалды өндіру туралы шағым арызбен келіспейтіндіктерін білдірді Матаевтар ici

Сейтқазы мен Әсет Матаевтар залалды өндіру туралы шағым арызбен келіспейтіндіктерін білдірді

Астана. 27 қыркүйек. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен ҚазТАГ бас директоры Әсет Матаев келтірілген зиянды өндіру туралы шағым арызбен келіспейтіндіктерін білдірді, деп хабарлады агенттік тілшісі. 27 қыркүйек 2016, 11:46 5 966 рет қаралды
Қ.Қасымов Ұзынағаштағы қанды қылмысқа қатысты жаңа мәліметтермен бөлісті Қазақстанда

Қ.Қасымов Ұзынағаштағы қанды қылмысқа қатысты жаңа мәліметтермен бөлісті

Үкіметтің бүгінгі отырысы басталмас бұрын Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Ұзынағаштағы мал сатуға барып, қылмыскерлердің құрбанына айналған үш жігіттің қазасына қатысты ақпарат беруді сұрады. Осы мәселе бойынша есеп берген ҚР Ішкі істер министрі Қалмұxамбет Қасымов қылмыстың xронологиясын айтып берді. Үкімет басшысы елдің дүрлігіп қалуына байланысты аталған мәселені министрдің жеке бақылауына алуды тапсырды, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі. 27 қыркүйек 2016, 09:51 2 444 рет қаралды
Лаңкестер тізіміне іліккен ағайынды Қожаниязовтар туралы ақпарат сараптамадан өтеді Қазақстанда

Лаңкестер тізіміне іліккен ағайынды Қожаниязовтар туралы ақпарат сараптамадан өтеді

Лаңкестер тізіміне іліккен ағайынды Қожаниязовтар туралы ақпарат психологиялық-филологиялық сараптамадан өтеді. Санат пен Самат Қожаниязовтар облыстық Ішкі істер департаментін сотқа беріп, 10 миллион теңге моральдық шығын талап етіп отыр, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі. 27 қыркүйек 2016, 09:39 2 745 рет қаралды
Екібастұзда полицей мен тұрғын бір-біріне пара бергені үшін сотталды Қазақстанда

Екібастұзда полицей мен тұрғын бір-біріне пара бергені үшін сотталды

Екібастұзда жеке куәлігінің мерзімі өтіп кеткен тұрғын мен полицей біріне бірі пара берген, сол себепті де сотты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жеке куәлігінің мерзімі өтіп кеткені үшін айыппұл төлеудің орнына, ер адам учаскелік инспекторға пара берген. 27 қыркүйек 2016, 09:36 2 427 рет қаралды
Алматы облысында үш ер адамды өлтірді делінген күдіктілер қамауға алынды Қазақстанда

Алматы облысында үш ер адамды өлтірді делінген күдіктілер қамауға алынды

Алматы облысының Жамбыл аудандық соты үш ер адамды өлтірді делінген күдіктілерді қамауға алу туралы шешім шығарды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұсталғандар екі айға қамауға алынды - 24 қарашаға дейін. Осыған дейін ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі өндірістің басталғаны хабарланған болатын. 27 қыркүйек 2016, 09:16 2 820 рет қаралды
Көліктерді енді еліміздің кез келген аймағында тіркеуге болады Қазақстанда

Көліктерді енді еліміздің кез келген аймағында тіркеуге болады

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері көліктерді тіркеу шарасын айтарлықтай оңтайландырды. Биылғы жылдың 26-қыркүйегінен бастап, ел аумағында көлік құралдарын тіркеуге эксмекенжайлы принципі енгізілді,- деп хабарлады Қазақпарат ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап. 26 қыркүйек 2016, 16:12 2 464 рет қаралды