Атырау, 23 желтоқсан 16:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сириядан құтқарылған қазақстандық әйел елге оралды

2 799 рет қаралды

Көрнекі сурет

Сириядан Грозный қаласына жеткізілген қазақстандық әйел бала-шағасымен елге оралды, деп хабарлайды Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі басшысы Әнуар Жайнақов.

Бұдан бұрын 29 жастағы әйел төрт баласымен Сириядан құтқарылып, Шешенстанға жеткізілген болатын.

"Қазақстан азаматшасы кәмелеттік жасқа толмаған төрт баласымен Сириядан Ресейге эвакуацияланған болатын, Мәскеудегі елшілік дипломаттарының көмегімен өткен аптада Қазақстанға жеткізілді", — деп мәлімет берді Әнуар Жайнақов.

Қазақстандықтың ең үлкен ұлы бес жаста, кенжесі бірнеше айлық қана. 

"Әйел адам Орал тұрғыны. Қазір қайда екенін білмеймін. Қазақстанға келді", — деп түсіндіріп өтті Жайнақов. 

Айта кетелік, қараша айының ортасында Сириядан 40-тан астам әйел мен бала құтқарылып, Грозный қаласына жеткізілген болатын.

Дереккөз: Sputniknews.kz 

21 қараша 2017, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.