Атырау, 13 қараша 15:23
 дождьВ Атырау +6.2
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36

10 мың теңге пара беруге оқталу: Астана соты жүргізушіге қатаң үкім шығарды

23 рет қаралды
СhatGPT көмегімен жасалған сурет
СhatGPT көмегімен жасалған сурет

Қазақстанда лауазымды тұлғаның ақшаны қабылдаудан бас тартуы пара беруге әрекет жасаған адамды жауапкершіліктен босатпайды. Бұл ретте заңсыз сыйақы мөлшерінің маңызы жоқ.

Астана қаласы прокурорының көмекшісі Нұрдәулет Әбуов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте түсіндіргендей, заңды негіздер болған жағдайда құқық қорғау органы қызметкері немесе шенеунік парадан үзілді-кесілді бас тартқанның өзінде, пара беруге әрекет жасаған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сот тәжірибесінен нақты мысал

Прокурор мысал ретінде Астана сотында қаралған істердің бірін келтірді. Жүргізуші әкімшілік хаттама толтырмауы үшін патрульдік полиция инспекторына 10 мың теңге беруге әрекет жасаған.

Полиция қызметкері ақшадан бас тартқанымен, бұл құқық бұзушыны елеулі қиындықтардан құтқармады. Азаматтың әрекеті пара беруге оқталу ретінде сараланды. Нәтижесінде сот оған қомақты айыппұл салды. Сонымен қатар оны белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырды.

«Бұл мысал әкімшілік жауапкершіліктен заңсыз жолмен жалтаруға жасалған әрекет қылмыстық-құқықтық тұрғыдан әлдеқайда ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкін екенін көрсетеді», — деп атап өтті прокуратура өкілі.
Бүгін, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.