Атырау, 13 қараша 15:45
 дождьВ Атырау +6.2
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36

«ҚазМұнайГаз» бен Samsung E&A мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуды талқылады

17 рет қаралды
Сурет: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Сурет: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ

Павлодар мұнай-химия зауытының өндірістік қуатын жылына 6 миллион тоннадан 9 миллион тоннаға дейін арттыру жоспарлануда. Оның жобалық құжаттамасын (FEED) әзірлеуге оңтүстіккореялық «Samsung E&A» компаниясы қатысуы мүмкін.

Астанада өткен екіжақты кездесуде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен «Samsung E&A» компаниясының атқарушы вице-президенті Роберт Юн осы және өзге де ортақ жобаларды жүзеге асыру перспективаларын қарастырды.

Келіссөз барысында отандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту және өңдеу саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері сөз болды. ҚМГ басшысы кореялық серіктестердің инжиниринг, сондай-ақ мұнай өңдеу мен мұнай химиясы кәсіпорындарын салудағы халықаралық тәжірибесіне ерекше мүдделі екенін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін ҚМГ делегациясы Сеулдегі «Samsung E&A» штаб-пәтеріне арнайы барып, компанияның технологиялық шешімдерімен танысып қайтқан еді. 

Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады.

Бүгін, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.