
Алматыда медициналық кескіндердің бірыңғай цифрлық архиві құрылды. Енді жүйеге қосылған клиникалардың дәрігерлері әртүрлі медициналық мекемелерде жасалған рентген, КТ, МРТ және басқа да тексерулердің нәтижелерін көре алады. Пациенттер басқа ауруханаға барған кезде өздерімен бірге суреттер мен дискілерді алып жүруге мәжбүр болмайды. Бұл туралы Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Қазіргі уақытта жүйеге 69 медициналық ұйым мен 216 диагностикалық аппарат қосылған. Архивте 800 мыңнан астам зерттеу жинақталған, ал тіркелген пациенттер саны миллионнан асты.
Медициналық кескіндер 25 жылға дейін сақталады. Бұл дәрігерлерге әр жылдары жүргізілген тексерулердің нәтижелерін салыстыруға, науқастың денсаулық жағдайындағы өзгерістерді бақылауға және қажет болған жағдайда диагностиканы қайта жүргізбеуге мүмкіндік береді.
Жүйе әсіресе онкологиялық, жүрек-қан тамырлары және созылмалы аурулары бар, тұрақты түрде тексеруден өтуге мәжбүр пациенттер үшін пайдалы болмақ.
Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, архивте рентгенография, флюорография, маммография, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, сондай-ақ ангиография нәтижелері біріктірілген.
2026 жылдың соңына дейін жүйеге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС аясында қызмет көрсететін жекеменшік клиникаларды да қосу жоспарланып отыр.
В Атырау +3.7