Атырау, 24 сәуір 23:03
 ашықВ Атырау +21
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Алдағы екi жылда 77 ауылға су құбырлары тартылады - министр

3 128 просмотра


2018-2020 жылдары топтық су құбырларын салуға және қайта жаңартуға 13 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Нәтижесінде 77 ауылды елді мекендердегi 161 мың халықты сумен жабдықтау жақсартылады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрi Асқар Мырзахметов «Елдi мекендердi сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету» тақырыбындағы парламенттiк тыңдауда айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Су кодексіне» сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі елді мекендерге дейін топтық су құбырларын салып, жаңартады. Ал Инвестициялар және даму министрлігі елді мекендердің ішіндегi желілерге жауап бередi. Қазіргі кезде Министрлiкке (АШМ-агенттiк ескертпесi) қарайтын «Қазсушар» республикалық кәсіпорынның теңгерімінде жалпы ұзындығы 10 мың шақырымнан аса 30 топтық су құбыры бар. Бұл 497 ауылды елді мекендi және ол жердегі 1 миллионнан аса халықты қамтып отыр. Оның ішінде 156 ауылды елді мекенге тұтынушыға дейiн «Қазсушар» қызмет көрсетсе, қалған 341 елді мекенге әкімдіктердің коммуналдық кәсіпорындары қызмет көрсетеді», - дедi Мырзахметов.

Министрдiң айтуынша, «Ақ бұлақ» және «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары шеңберінде 2011-2016 жылдары топтық су құбырларын салу және жаңартуға 59 млрд теңге қаражат бөлінген. Нәтижесінде 45 объект пайдалануға берілді. Биылғы жылы топтық су құбырлары бойынша 17 жобаға 12 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 7 жоба аяқталады, ал қалғандары жоспарға сәйкес келесі жылға өтедi. Нәтижесінде 50 ауылды елді мекендегi 77 мың халықты сумен жабдықтау жақсартылады.

Атап өтсек, 2018-2020 жылдары топтық су құбырларын салуға және қайта жаңартуға 13 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Нәтижесінде 77 ауылды елді мекендердегi 161 мың халықты сумен жабдықтау жақсартылады. 2018 жылы – 7,1 млрд теңге, 2019 – 5,1 млрд теңге және 2020 жылға – 1,1 млрд теңге қарастырылған.

Дереккөз: Baq.kz

24 қараша 2017, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.