Атырау, 7 наурыз 23:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25

Қазақстанда

Матаевтарға қатысты қылмыстық істі ақын Олжас Сүлейменов жан түршігерлік деп атады Қазақстанда

Матаевтарға қатысты қылмыстық істі ақын Олжас Сүлейменов жан түршігерлік деп атады

Алматы. 10 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевқа қатысты қылмыстық іс пен оған шығарылған үкімді ақын әрі қоғамдық қайраткер Олжас Сүлейменов жан түршігерлік деп атады, деп хабарлады агенттік тілшісі. 10 қазан 2016, 14:28 2 274 рет қаралды
Кепілдік қоры бұған дейінгі үлескерлерге көмектесе алмайды – ҰЭМ Қазақстанда

Кепілдік қоры бұған дейінгі үлескерлерге көмектесе алмайды – ҰЭМ

Бүгіннен бастап коммерциялық тұрғын үйлер саласындағы үлескерлердің ақшасы жаңа шарттар бойынша тартылады. «Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы» заңның аясында коммерциялық тұрғын үйлерді салудың нақты үш тетігі қарастырылған. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі экономиканың инфрақұрылымын дамыту департаментінің директоры Ұлан Жазылбек жаңа заңның нормаларын кеңінен түсіндіріп берді, деп хабарлайды Baq.kz. 10 қазан 2016, 11:52 2 579 рет қаралды
Мемлекет тұрғын үйлер құрылысын аяқтау үшін үлескерлерге кепілдік беретін болады Қазақстанда

Мемлекет тұрғын үйлер құрылысын аяқтау үшін үлескерлерге кепілдік беретін болады

Тұрғын үй құрылысына халықтың қаражатын тартудың жаңа тетіктерін енгізуге және үлескерлердің тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" жаңа заң күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 10 қазан 2016, 11:22 2 758 рет қаралды
Қарағанды әкімдігі қаржы пирамидасына қатысты түсініктеме берді Қазақстанда

Қарағанды әкімдігі қаржы пирамидасына қатысты түсініктеме берді

Қарағандыдағы «Оптовка» қаржы компаниясы жабылып қалғаннан кейін, салған ақшаларын қайдан сұрарын білмей тентіреген жұрт кеше аудандық прокуратураны басып кірмек болған еді. Бүгін осы мәселеге қатысты Қарағанды облысының әкімдігі түсініктеме берді деп хабарлайды Baq.kz. 7 қазан 2016, 14:25 2 629 рет қаралды
Павлодар дәмханасында төбелес шығарған күзетшілер қамауға алынды Қазақстанда

Павлодар дәмханасында төбелес шығарған күзетшілер қамауға алынды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар дәмханасындағы дауды сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр, ал «Элекор Күзет» күзетшілері екі айға қамалды, деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Баян Мағзұмова. 7 қазан 2016, 14:13 2 134 рет қаралды
Блогерлерге жаңа мүмкіндік пен құқық беріледі – Дәурен Абаев Қазақстанда

Блогерлерге жаңа мүмкіндік пен құқық беріледі – Дәурен Абаев

Бүгінде әлеуметтік желіні белсенді қолданушыларға өз қалауымен желілік басылым ретінде тіркеуге тұру мүмкіндігін беру ұсынылып отыр. Яғни, олар жаңа мүмкіндік пен құқыққа ие болады деген сөз. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев (суретте) facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Baq.kz. 7 қазан 2016, 12:04 2 568 рет қаралды
Қазақстандықтар Флоридадағы "Мэтью" дауылының астында қалған Қазақстанда

Қазақстандықтар Флоридадағы "Мэтью" дауылының астында қалған

Үш қазақстандық АҚШ-тың Флорида штатындағы "Мэтью" дауылының эпицентрінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, олар Алматыдан келіп, Нью-Йоркте оқып жүрген студенттер екен. 7 қазан 2016, 11:19 2 086 рет қаралды
"Болашақпен" Америкаға оқуға кеткен өскемендік жігіт ұшты-күйлі жоғалып кетті Қазақстанда

"Болашақпен" Америкаға оқуға кеткен өскемендік жігіт ұшты-күйлі жоғалып кетті

Өскемендік отбасы халықаралық бағдарламамен шетел асқан ұлдарын таппай қалды. АҚШ-тағы ең беделді университетке 2007 жылы түскен Ержан Еліков оқуын бітіретін жылы елге оралмаған. Жалғызынан көз жазып қалған ата-ана ұлын сұрап "Болашақ" бағдарламасының Астанадағы бас кеңсесіне дейін барыпты. Бірақ ондағылар хабарсыз кеткен стипендиатты іздеудің орнына, қамкөңіл отбасыны сотқа беріп, жалғыз баспанасын сот арқылы тартып алған, - деп хабарлайды КТК. 7 қазан 2016, 10:13 1 585 рет қаралды
Қазақстанда Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды Қазақстанда

Қазақстанда Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды

6 қазан күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен "мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында" Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құрылды,- деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 7 қазан 2016, 09:12 2 763 рет қаралды
Зерттеу нәтижесінде бас сүйек Кейкі батырдікі екендігі дәлелденді – ҚР МСМ Қазақстанда

Зерттеу нәтижесінде бас сүйек Кейкі батырдікі екендігі дәлелденді – ҚР МСМ

Бүгін қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен Кейкі батырдың бас сүйегі таңғы 5:30-да Астанаға жеткізілді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі осы мәселеге қатысты арнайы жұмыс тобын құрған. Жұмыс қорытындысы бойынша, бас сүйек Кейкінікі екендігі дәлелденді. Бірақ соған қарамастан тиісті ДНҚ-сараптама жасалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ведомство вице-министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz. 6 қазан 2016, 16:17 2 430 рет қаралды
Сейтқазы мен Әсет Матаевқа шығарылған қатаң үкім БАҚ-тағы плюрализмге кері әсерін тигізеді - ЕҚЫҰ Матаевтар ici

Сейтқазы мен Әсет Матаевқа шығарылған қатаң үкім БАҚ-тағы плюрализмге кері әсерін тигізеді - ЕҚЫҰ

Алматы. 6 қазан. ҚазТАГ – ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселесі жөніндегі өкілі Дуня Миятович Қазақстан журналистикасының екі белді тұлғасы – Сейтқазы мен Әсет Матаевқа шығарылған қатаң үкім БАҚ-тағы плюрализмнің дамуына кедергі келтіруі мүмкін, деп санайды. 6 қазан 2016, 16:07 5 062 рет қаралды
Матаевтарға шығарылған үкім биліктің тәуелсіз БАҚ-тарға қолданатын шараларын көрсетті – Қазақстандағы АҚШ елшілігі Матаевтар ici

Матаевтарға шығарылған үкім биліктің тәуелсіз БАҚ-тарға қолданатын шараларын көрсетті – Қазақстандағы АҚШ елшілігі

Алматы. 6 қазан. ҚазТАГ– Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевқа шығарылған үкім биліктің тәуелсіз БАҚ-тарға қолданатын шараларын көрсетті, деп мәлім етті Қазақстандағы АҚШ баспасөз-атташесі Рэн Эльхай. 6 қазан 2016, 16:02 5 023 рет қаралды
ҚР бас прокуратурасы бизнеске қойылатын қисынсыз талаптарды анықтады Қазақстанда

ҚР бас прокуратурасы бизнеске қойылатын қисынсыз талаптарды анықтады

Мемлекеттік органдар тексеру парақтарында бизнеске қойылатын ескі, керек емес талаптарды жазған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысында бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz. 6 қазан 2016, 15:06 1 649 рет қаралды
Дүйсенова ата-аналарды балаларына жұмыстан ерте босату туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді Қазақстанда

Дүйсенова ата-аналарды балаларына жұмыстан ерте босату туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді

Қазақстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің ата-аналарды балаларына жұмыстан ерте босату туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 6 қазан 2016, 15:00 2 379 рет қаралды
Ұлттық қордан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансфертке түзету енгізілді Қазақстанда

Ұлттық қордан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансфертке түзету енгізілді

Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт 2 трлн. 880 млрд. теңгеден 2 трлн. 479,7 млрд. теңгеге дейін азайтылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». 6 қазан 2016, 10:44 2 362 рет қаралды
"Бұрғылау" кәсіпорны жұмысшылары наразылығын тоқтатты Қазақстанда

"Бұрғылау" кәсіпорны жұмысшылары наразылығын тоқтатты

Жаңаөзендегі "Бұрғылау" кәсіпорнының жұмысшылары қазанның 6-сы күні наразылығын тоқтатып, жұмысқа шықты деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Жұмыс беруші, жұмысшылар белсенділері мен Маңғыстау облыстық әкімдігі, облыстың ішкі істер департаменті, прокуратура өкілдерімен бірлескен келіссөз түнгі сағат 22-ге дейін созылды,- деп хабарлады Азаттық. 6 қазан 2016, 10:17 2 450 рет қаралды
Мәжіліс терроризмге қарсы түзетулер жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады Қазақстанда

Мәжіліс терроризмге қарсы түзетулер жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады

Парламент мәжілісі бүгін экстремизм және терроризммен күрес туралы заңдарға өзгерістер енгізу жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткен айдың басында парламентке бірқатар заң жобаларын, оның ішінде экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдар туралы заң жобасын қарауды тапсырған,- деп хабарлады Азаттық. 5 қазан 2016, 15:17 2 857 рет қаралды
Нұрлан Ноғаев тағы да Үкiмет басшысының сынына ұшырады Қазақстанда

Нұрлан Ноғаев тағы да Үкiмет басшысының сынына ұшырады

Атырау облысында шағын және орта бизнестi дамытуға бөлiнген қаражат игерiлмей жатыр. Нұрлан Ноғаев Үкiмет басшысын жылдың соңына дейiн ақшаны жаратып үлгеремiз деп сендiрдi. Бақытжан Сағынтаев жылдың соңында мiндеттi түрде сұрау болатынын ескерттi, еп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 5 қазан 2016, 10:57 3 042 рет қаралды
"Бұрғылау" жұмысшылары мен басшылығы әлі келісе алмай отыр Қазақстанда

"Бұрғылау" жұмысшылары мен басшылығы әлі келісе алмай отыр

Жаңаөзендегі «Бұрғылау» кәсіпорыны жұмысшыларының наразылығы жалғасып жатыр. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қала сыртындағы автобекетке топталған жұмысшылар автобекет алдына ілген ұрандарын «Мұнайшылар мүддесі қорғалсын!», «Кәсіподақ төрағасы ортамызға келсін!», «Жазықсыз жұмысшыларды қуадалау тоқтатылсын!» деген сөздермен тағы бір жаңалап қойды,- деп хабарлады Азаттық. Бейнежазба 5 қазан 2016, 10:30 2 923 рет қаралды