Атырау, 29 наурыз 15:34
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Қазақмыс" кеншілері мен басшылығы арасында еңбек дауы шықты. Әкімдік жағдайды бақылауға алды

Бейнежазба
2 422 просмотра


Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында кен орындарының бірінің қызметкерлері мен "Қазақмыс" корпорациясы басшылығы арасындағы еңбек дауы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2017 жылдың 30 қарашасында Оңтүстік-Жезқазған кен орны мен "Қазақмыс" ЖШС басшылығы арасында еңбек дауы шықты. Облыс әкімдігі басшылығының өкілдері мен "Қазақмыс" компаниясының басшылығы оқиға орнында. Келіссөздер процесі жүріп жатыр. Жағдай бақылауда. Келіссөздер аяқталған соң ресми мәлімдеме жасалады", - деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіндегілер. 

Сондай-ақ, редакцияға Сәтбаевтағы кеншілерден түрлі видеолар келіп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, кеншілер "Қазақмыс" компаниясы басшылығынан жұмыс істеуге жағдай жасауын талап етіп отыр.


Дереккөз: Tengrinews.kz


30 қараша 2017, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.