Атырау, 23 желтоқсан 19:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Бензин тапшылығы үшін орнынан босаған Әсет Мағауов жаңа қызметке тағайындалды

1 923 рет қаралды

Фото: kazenergy.com

Қазақстанда қазан айындағы бензин тапшылығына байланысты қызметінен босатылған Әсет Мағауов "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлады компанияның ресми сайты.  

"KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Құлыбаев Тимур Асқарұлының бұйрығымен Мағауов Әсет Маратұлы 2017 жылғы 4 желтоқсанда "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ бас директоры қызметіне  тағайындалды", - делінген компанияның ресми сайтында жазылған хабарламада. Әсет Мағауов 1994 жылы  И.М. Губкин атындағы Москва мұнай-химия және газ өндірісі институтының ЖЭК саласындағы  экономика және басқару факультетін аяқтады. Халықаралық Валюта Қорынан және Азия Даму Банкінен тағылымдамадан өткен. 2010 - 2011 жылдары - Қазақстан Республикасы мұнай және газ вице-министрі, 2011-2012 жылдары – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры, 2012-2016 жылдары - KAZENERGY қауымдастығының бас директоры, 016-2017 жылдары – ҚР энергетика вице-министрі сынды лауазымды қызметтерін атқарған. 

Айта кетейік, осы жылдың қазан айында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев "Қазақстандағы шенеуніктер өздеріне тапсырылған міндеттерді дұрыс атқармауы салдарынан бензин тапшылығы болғанын" айтып,  Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты қызметінен босатып, Энергетика министрі Қанат Бозымбаевға сөгіс беруді ұсынған еді. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 


4 желтоқсан 2017, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.