Атырау, 23 желтоқсан 19:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Геннадий Бендицкий қайтыс болды

3 075 рет қаралды


Журналист Геннадий Бендицкий қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы бүгін белгілі болды.

Оның қайтыс болғаны туралы мәліметті достары мен әрісптестері растап берді.  "Гена Бендицкий қайтыс болды. Біздің әріптесіміз өз туған күнінде, бүгін таңертең бақилық болды. Ол 47-ге толған еді", - деп жазды Вадим Борейко Facebook желісіндегі парақшасында.  Геннадий Бендицкий ұзақ жылдар бойы КТК арнасында бірнеше ақпараттық-сараптамалық бағдарламалардың шығарушы редакторы қызметін атқарып келді, "Время" газетінің авторы, кейін "Час Бендицкого" атты авторлық бағдарламасын жүргізді.  Бірнеше жыл бұрын ол өзінің екі әріптесі Марат Асипов пен Сапа Мекебаевпен бірген жеке ақпараттық-санраптамалық жобасы - Ratel.kz порталын ашты. 

Дереккөз: tengrinews.kz

3 желтоқсан 2017, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.