Атырау, 29 наурыз 12:59
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Алматыда Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы болып өзгерді

1 770 просмотра


Алматыда Фурманов көшесіне Назарбаев есімі берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін Алматы қаласының мәслихатының VI шақырылымындағы сессиясы барысында мегаполис тұрғындарының көптеген ұсыныстары бойынша қалалық ономастикалық комиссия мен ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиямен келісу бойынша Алматыдағы басты көшелердің біріне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев есімін беру туралы шешім шығарылды", - делінген хабарламада. 

Айта кетерлігі, осыдан 10 жыл бұрын Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың есімі Иорданияның Амман қаласындағы және Шешен Республикасының Грозный қаласындағы көшелердің біріне берілген болатын. Бұлардан өзге, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімімен Түркияның бірнеше қалаларының көшелері аталады, Татарстан астанасы Қазаннның магистральды көшесіне Елбасы есімі берілген. 

Еске салсақ, Алматыда бұрындары бірін- бірі қайталайтын 100 көшелер атауы өзгерген болатын. Қалаға қосылған елді мекендерді есептегенде мегаполисте Абай атында - 12. М. Әуезов атында - 3, Ж. Жабаев атында -13, Құрманғазы атында - 6, Төле би атында - 5, Қазыбек би атында- 3, Әйтеке би атында - 3, Райымбек батыр атында - 8, Наурызбай батыр атында - 4, Қарасай батыр атында - 8, Байтұрсынов атында - 4, С. Сейфуллин атында - 5, Ә. Молдағұлова атында - 6, М. Мәметова атында 6 көше аталған екен. Алматыда 42 көше еліміздің дамуына үлес қосқан қайраткерлер есімін иеленсе, қалғандары географиялық атауға, қазақстанның тарихы мен мәдениетіне, дәстүріне орай аталған екен. Мысалы, Ш.Айтматов, Г.Бельгер, Т.Бигелдинов, Е.Серкебаев, Қ.Кенжетаев, С.Калмыков, Қ.Мырзалиев, Алматы апортының "әкесі" атанған Е.Редько және басқалардың есмідерін алған көшелер пайда болады. Қалалықтарға еш жайсыздық тумайды. Мемлекеттік органдар базада көше атауы өзгерткен соң қажетті барлық анықтамаларды ЭЦП-ты пайдаланып электронды үкімет пор алынын немесе ХҚКО-нан бірнеше минут ішінде алуға болады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

30 қараша 2017, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.