Атырау, 26 сәуір 12:01
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қазақстандық олигархтар мен Францияның бұрынғы президенті жемқорлық бойынша күдікке ілінді

Бейнежазба
2 726 просмотра

Көрнекі сурет

Еуропалық Airbus компаниясында Қазақстанмен байланысты жүргізіліп жатқан тергеу шараларының аясындағы  тінту шаралары өткен. Бұл мәліметті "Астана" телеарнасына компанияның баспасөз қызметі растады. 

Mediapart веб-сайтының мәліметінше, тінту жұмыстары Қазақстанда 2010 жылы сатылған тікұшақтар мен спутниктерге байланысты жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта Францияда осы келіссөздер кезінде төленген заңсыз комиссиялық 8,8 миллион еуроға қатысты тергеу жүріп жатыр. Қазан айының соңында компанияның топ-менеджерлерінен жауап алынған. Олар бұл іске куәгерлер ретінде қатысып отыр. Айта кетейік, бұл іс 2014 жылдан бері жүргізіліп келеді. 

Сондай-ақ, тергеушілер заңсыз жасалған келіссөздерге Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози мен бірнеше қазақстандық олигарх қатысты деп күдіктеніп отыр. "Біз Қазақстандағы мәселе бойынша Airbus кеңселерінде тінту жүргізілгенін растаймыз. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатқандықтан біз осы жағдайға қатысты басқа мәлімет айта алмаймыз", -деп хабарлады компаниядағылар.


Дереккөз: Астана TV


30 қараша 2017, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.