Атырау, 20 сәуір 14:03
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Пәренжіге дін тұрғысынан қарамау қажет - министр Ермекбаев

2 710 просмотра


Дін қызметі және діни бірлестіктер туралы заңға бетті тұмшалап жүруге тыйым салу тетігін енгізу жоспарланған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, сарапшылар аталған норманы жан-жақты пысықтап шықты, xалықаралық тәжірибе зерделенді. Халық арасында сауалнама да жүргізілді. Осы орайда қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне баса назар аударылды.

"Сол себепті осы іспетті нормаларды енгізу туралы шешім қабылданды. Негізі, аталған мәселеге дін тұрғысынан емес, қауіпсіздік жағынан қарау қажет. Шын мәнінде, никаб, шадра, палаклава, пәренжі, я болмаса, маска сияқты киім-кешектер адамның бетін тұмшалап, құқық қорғаушылардың жұмысын қиындатады. Осының салдарынан қауіпсіздіктің деңгейі де төмендейді. Сосын ондай киімдер біздің қоғамымыз үшін жат нәрсе. Адамдар оны ашық айтып жатыр. Сол себепті аталған норманы енгізуді жөн көрдік", - дейді министр Ермекбаев.

Айта кетейік, ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев елшілер үшін арнайы баспасөз мәслиxатын өткізді. Министр діни қызмет және діни бірлестіктерге арналған заңнамаға қандай өзгерістердің енгізілетінін кеңінен айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік қызметшілердің діни ұстанымына қатысты нақты үш шектеу болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат


24 қараша 2017, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.