Атырау, 24 сәуір 12:11
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Қазақстан чемпионатының үздік футболшысы анықталды

2 039 просмотра


«Астана» футбол командасының конголық шабуылшысы Жуниор Кабананга (суретте) 2017 жылғы Қазақстан Премьер Лигасының ең үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Бас жаттықтырушылар мен ҚПЛ  футболшылары  арасындағы ай сайынғы сауалнама нәтижесінде Кабананга 117 ұпаймен бірінші орынды иеленсе, екінші орынды ганалық шабуылшы Патрик Твумаси 115 ұпаймен, ал алматылық «Қайраттың» ивуарлық футболшысы Жерар Гоу үшінші орынды місе тұтты. 

Қазақстанның үздік ойыншысы атағына ұлттық құраманың капитаны Бауыржан Исламхан ие болды. 

Айта кету керек, бұған дейін «Алмаз» жобасы аясында Ұлықбек Бақаев (екі мәрте - 2011/2012), Андрей Финонченко (2013), Бауыржан Исламхан (екі мәрте - 2014, 2016), Жерар Гоу (2015) футболдан Қазақстан чемпионатының үздік ойыншылары ретінде танылған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат


23 қараша 2017, 13:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.