Атырау, 24 сәуір 10:16
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

"Сайттарда танысып, ұйықтататын дәрі берген". Алматыда қыздарды тонаумен айналысқан ер адам ұсталды

1 964 просмотра

Фото: Алматы қалалық ІІБ баспасөз қызметі

Алматының Әуезов ауданының жедел қызметкерлері сайттарда қыздармен танысып, оларға ұйықтататын дәрі беріп, артынша қыздарды тонап жүрген ұрыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Осыған дейін осыған ұқсас қылмыс үшін сотталған күдікті Өзбекстанның 1981 жылғы азаматына қатысты іс қайта өндіріске алынды. Ол 2015 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған", - деп хабарлады полициядағылар. 

ІІД мәліметінше, ол қылмысын бұрынғы әдіспен жасаған. "Танысу сайттарында қыздармен танысып, хат алмасып, оларды жалдамалы пәтерлерге кездесуге шақырған. Кейіннен қыздарға ұйықтататын дәрі беріп, оларды тонап кетіп жүрген. Қыздар ұйықтап қалған кезде олардың ақшалары мен заттарын алып кетіп жүрген. Бір сөзбен айтқанда, сатуға немесе өткізуге болатын заттардың барлығын алып кетіп жүрген. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

24 қараша 2017, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.