Атырау, 26 сәуір 14:01
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қазақ әдебиетін екі тілде оқытса бала қазақша да, ағылшынша да еркін сөйлейді – Балиева

3 090 просмотра


Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева қазақ әдебиетін ағылшын тілінде оқыту бастамасы туралы пікір білдірді. Ол жаратылыстану пәндерін түсіну үшін ең алдымен қазақ әдебиетін қазақ және ағылшын тілінде оқыту керектігін атап өтті, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазақ әдебиетін қазақша және ағылшынша бірге оқытса, бала еркін сөйлеуді меңгереді. Сөздердің мағынасын түсінеді. Ал қазір физика мен xимияны ағылшынша берейікші, не түсінеді ол? Сабақтарының бәрі қазақша болады ғой. «Абай жолын» қазақ тілінде оқуға ешкім тыйым салмайды. Қазақша, ағылшынша араластырып берсек бала екі тілде де еркін сөйлейді», - дейді Зағипа Балиева.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева қазақ әдебиетін екі тілде берсе бала қазақша да, ағылшынша да әдемі сөйлейтінін айтады.

«Менің мақсатым балалар еркін сөйлесе деймін. Қазақ әдебиетін аралас берген кезде «Абай жолын» ол «Abay way» деп түсіндіреді. Шетелге барған кезде бізде Абайымыз бар, Абайдың сөзі, өлеңдері бар деп еркін айтады. Ал ол қазір физиканы ағылшынша біліп алады да, сұраған кезде не айтып береді «xром», «вольт», «омды» айтып бере ме?», - деді ол.

Зағипа Балиева бұл бастама жүзеге асу үшін ең алдымен қазақ әдебиеті мұғалімдері ағылшын тілін меңгеруі тиіс деп есептейді.

«Бұл реформаны жүзеге асыру үшін мұғалімдерді дайындауымыз керек. Қазақ әдебиетінен сабақ беретін мұғалімдерді Алматыға апарып, ақшасын төлеп, курс ашсақ, себебі олар қазақша бәрін біледі ғой. Ағылшынша үйренеді. Физика, xимия, биологияны ағылшынша берсін, сапасы 12% немемес әрі кетсе 20%. Қазір бұл пәндерді ағылшынша берсе тек xана xром, ом, ампер дегенді түсінеді де, мағынасын түсінбейді. Себебі ол сөздердің мағынасын ана тілінде түсінбесе ағылшынша қалай түсінеді?», - деді ол.

Еске сала кетсек, Зағиа Балиева қазақ әдебиетін ағылшын тілінде оқытуды ұсынған болатын.

Дереккөз: Baq.kz

23 қараша 2017, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.