Атырау, 29 наурыз 14:18
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Көкшетауда 20 жастағы қызды саудалаған жігіт ұсталды

2 227 просмотра


Ақмола облысының полицейлері адам саудасымен айналысқандардың алдын алды. Күдікті сауда саттық кезінде ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Биыл қарашада ІІД ұйымдасқан қылмыстық топқа күрес басқармасының қызметкерлері ер адам  еңбекті қанау мақсатында 20 жастағы қызды сатпақшы болғаны туралы хабар жеткен. "Тірі тауар" үшін күдікті 100 мың теңге сұраған.  Жедел әрекет ету қызметкерлері арнайы кешендік шаралар жүргізді, соның нәтижесінде "келісім" қай жерде және қашан өтетіні белгілі болды. Арнайы операция ақшаны күдіктіге беру күнінде жасалды. Ұйымдасқан қылмыстық топқа күрес басқармасының қызметкерлері адам саудасына қатысты деректің жолын кесті. 

Сауда-саттықпен айналысу дерегі бойынша Көкшетау қаласының 21 жастағы тұрғыны ұсталды.  Сұрау алу кезінде Ақмола облысындағы Атбасар ауданының тұрғыны, қыз баламен ол Астанада танысқан. Жаңа танысы жұмыс іздеп жүрген. Көмектескісі келген жігіт қызды сату үшін сатып алушы іздеген. Оның осы әрекеті әшкере болып, ІІД қызметкерлері алдын алды. 

Қазіргі уақытта осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы 1-бөлігі ("Адам саудасы") бойынша жүріп жатыр. Осы бап бойынша күдікті үш жылдан бес жылға дейін сотталуы мүмкін. 

Дереккөз: Тengrinews.kz


23 қараша 2017, 13:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.