Атырау, 29 наурыз 00:35
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Бишімбаевтың сотында 2 миллион доллар сомасындағы пара жайлы айтылды

2 041 просмотра


Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев ісінің фигуранты Қызылордадағы шыны зауытын салу келісімшартына қалай қол қойылғанының мән-жайын ашып айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Сотта "Шымкентхиммонтаж" ЖШС құрылтайшысы Жақсылық Исабек куәлік берді. Шыны зауытын салу бойынша келісімшарт осы компаниямен келісілген болатын. Жақсылық Исабек мемлекеттік тапсырысқа қалай қол жеткізе алғаны туралы айтып берді. 

Оның сөзінше, келісімшартқа қол қою туралы сөзбайласу Астанада Қуандық Бишімбаевпен өткен. 

"Мейрамханадан шыққанда Бишімбаев: "Жеке сөйлесуіміз керек", - деді. Біз шеткері шықтық. Ол: "Жобаға қатысқың келсе, келісімшарттан өзге де міндеттер бар", - деді ол. Мен не істеуім керек дедім. Ол екі миллион доллар беруім керектігін айтты. Мен уақыт сұрадым. Осы кезде ол уақыт жоғын, не иә, не жоқ деп айту керек деді. Мен аз ойланып, қатысатынымды айттым, бірақ, маған уақыт керегін айттым. Осымен қоштастық", - дейді айыпталушы Жақсылық Исабек.  

"Бір миллиард 215 миллион теңгенің Бишімбаев қаншасын алды?" - деп сұрады Бишімбаевтың адвокаты Сәлімжан Мусин.

  "Мен білмеймін", - деп жауап берді Исабек. 

"Екі миллион долларды не үшін бердіңіз?" - деп сұрады мемлекеттік айыптаушы Әлібек Айтжанов. 

"Бұл келісімшартқа қол қою үшін болды. Кейін Бишімбаевтың тарапынан ешқандай қолдау болған жоқ. Оның маған көзқарасы оң болмады, әрбір келіссөз қиын өтіп отырды", - дейді Жақсылық Исабек.  

Қуандық Бишімбаев "Шымкентхиммонтаж" компаниясымен келісімшартты бұзу туралы мәселе көтерілгенін атап өтті.  "Шыны зауытын салу барысында мен құрылыс екпіні туралы жиі кеңес өтікізіп отырдым емес пе? Сол кезде қандай тапсырмалар бергенім есіңізде ме? Orda Glass LTD компаниясына қандай тапсырма бергенім есіңізде ме? Сіздермен келісімшартты бұзғым келгені құрылысты баяулатып жібердіңіздер және ол хаттамада көрсетілген", - деді Бишімбаев айыпталушы Исабекке. 

"Иә, рас, ескерткенсіз. компания үлгермей жатты. Осыған байланысты келісімшартты бұзу мәселесі көтерілген еді", - деп жауап берді Исабек.  

Еске салайық, Қуандық Бишімбаев пен бұл істің өзге де 22 фигурантына қатысты алдын ала тыңдаулар 31 қазанда басталған. Бүрынғы ұлттық экономика министрі ҚР ҚК-нің 366-бабының 4-тарауы "Пара алу" және 189-бабының 4-тарауының 2-тармағы "Сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иелену немесе талан-таражға салу" бойынша айыпталуда.

Дереккөз: Tengrinews.kz


24 қараша 2017, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.