Атырау, 23 желтоқсан 16:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Дариға Назарбаева әскери медальмен марапатталды

1 685 рет қаралды


Сенатор, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің үлкен қызы Дариға Назарбаева бірінші дәрежелі "Ел қорғаны" медалімен марапатталды. ҚазАқпараттың хабарлауынша, Назарбаеваны қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Астанада жастарды әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жиында марапаттады.

Қорғаныс министрі Назарбаеваға "елдің қорғаныс қабілетін күшейтуді қолдап, үлес қосқаны үшін және жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру қызметіндегі белсенділігі" үшін алғыс білдірді.

Дариға Назарбаева марапаттың өзіне үміт ұялататынын, Қазақстан үшін әскери-патриоттық қозғалыстың маңызды екенін айтты.

Қорғаныс министрлігі ерекше көзге түскен әскери қызметкерлерге арналған "Ел қорғаны" медалін биыл наурызда тағайындаған.

Дереккөз: Азаттық

23 қараша 2017, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.