Атырау, 3 ақпан 10:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59

Баян Есентаеваның сүйіктісінен жауап алынды

2 933 рет қаралды


Продюсер Баян Есентаеваның сүйіктісі, бизнесмен Тұрсынғали Алагөзовтен жауап алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл мәліметті Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек редакцияның сауалхатына берген жауабында растады.  "Бұл дерек Т.Т.Алагөзовке қатысты 19.10.2017 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабының 3-бөлігі ("Өзiнше билiк ету") бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Осы қылмыстық іс бойынша 17.09.1969 жылғы Алагөзов Тұрсынғали Тұрымұлынан қорғаушысы бар куәгер ретінде жауап алынды", - деп хабарлады Салтанат Әзірбек.  

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Түрксіб аудандық ІІБ ТБ қызметкерлерінің істің барлық мән-жайын әділ, толық әрі әржақты зерттелуін қамтамасыз етіп жатқаны айтылады. Ал одан кейін қорытынды процесстік шешім қабылданады.

Дереккөз: Tengrinews.kz


22 қараша 2017, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.