Атырау, 20 тамыз 06:36
 дождьВ Атырау +23
$ 462.22
€ 536.50
₽ 5.43

Атырауда

Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні су болмайды Басқа жаңалықтар

Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні су болмайды

«Атырау Су Арнасы» КМК қаланың су тазарту құрылғылары мен тарату желілерін маусымдық хлорлау жұмыстары жүргізілуіне байланысты 18 қазан түнгі сағат 24.00-ден 19 қазан сағат 06.00-ге дейін салқын су берудің уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды. PR 17 қазан 2017, 18:30 1 962 рет қаралды
Балықтың қай түрі үшін де жаза қатал Басқа жаңалықтар

Балықтың қай түрі үшін де жаза қатал

Балық қорғау заңнамасын бұзушыға қара уылдырықтың бір келісі үшін жарты миллион теңге айыппұл мен қылмыстық іс қаупі төніп тұр. Заңсыз ауланған қара балықтың бір қапшығы үшін де Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс бойынша емес, Қылмыстық кодекс бойынша жауапкершілік қарастырылады. 17 қазан 2017, 17:59 8 889 рет қаралды
Тұрғындар жылу тарифінің өсуіне наразылық білдірді Басқа жаңалықтар

Тұрғындар жылу тарифінің өсуіне наразылық білдірді

Атырауда жылумен қамтушы мекеме қала шетіндегі Балықшы поселкесінің тұрғындарын кір жуу үшін және ванна қабылдау үшін жылу батареяларындағы ыстық суды пайдаланады деп айыптаған еді. Жауап ретінде тұрғындар жылу беру қызметі тарифінің үш есеге көбеюіне наразылық білдірді. Сурет Бейнежазба 17 қазан 2017, 15:44 3 108 рет қаралды
Ұрлықты кәсіп еткендер Оқиға

Ұрлықты кәсіп еткендер

Қызылқоға ауданында 7 эпизодтық іске қатысы бар Миялы ауылының 21 жастағы тұрғыны ұсталды. Аудандық ІІБ-нің бастығы Асхат АРЫСТАНОВТЫҢ айтуынша, ол мал және автокөлік бөлшектерін ұрлап сатумен айналысқан деп күдіктеліп отыр. 17 қазан 2017, 10:51 3 163 рет қаралды
Күзгі санақ Басқа жаңалықтар

Күзгі санақ

Малдың қырылуына ракетаның ұшырылуы әсер етуі мүмкін бе? Көкөністер қайда сақталады? Және шаруалар ет өнімдерін өткізе алмай неге қиналады? «АЖ»-ның осы сауалдарына брифинг барысында облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Серік СӘРСЕКЕНОВ жауап берді. 17 қазан 2017, 10:49 3 268 рет қаралды
Нағыз алаяқтық Басқа жаңалықтар

Нағыз алаяқтық

Атырауда жиі пайда болатын жарнамалық парақтар күлкілі бағалармен былғары және тері бұйымдарын сатып алуды ұсынады. «Тәркіленген мүлікті жаппай сату тек бір күн өткізіледі, бір қолға – бес бұйымнан!». Осындай сатылымдардың біріне «АЖ» тілшісі де барып қайтты. Сурет 16 қазан 2017, 18:28 5 116 рет қаралды
«Дарабоз-2017» республикалық турнирі Спорт

«Дарабоз-2017» республикалық турнирі

Жексенбі күні, 15 қазанда Махамбет ауданы, Алмалы ауылының маңында ұлттық спорт түрлерінен «Дарабоз-2017» республикалық турнирі ұйымдастырылды. Көкпар, бәйге, қазақ күресі бойынша өткізілген турнирге жалпы жүлде қоры 15 миллион теңге тігіліп, оның 10 миллион теңгесі жаппай көкпар ойынына бөлінді. Сурет Бейнежазба 16 қазан 2017, 10:48 5 283 рет қаралды
Бүйрегіңді кесіп берген заман-ай... Қоғам

Бүйрегіңді кесіп берген заман-ай...

Қазақстанда дене мүшелерін тірі кезінде заңсыз сататындар көбейіп келе жатыр. Бағалар 2,5 миллион теңгеден басталып 100 мың долларға дейін жетеді. Көбіне саудаға бүйрек, бауырдың бөлігі, сүйек кемігі түседі. Өз дене мүшелерін саудалайтындар біздің «бай» Атырауымызда да бар екен. 16 қазан 2017, 17:19 4 619 рет қаралды
Айрықша алаңдатқан ауыл Басқа жаңалықтар

Айрықша алаңдатқан ауыл

Жақында «АЖ» Исатай ауданына қарасты Жанбай ауылында полиция бөлімшесінің ашылғанын жазған болатын. Браконьерлікпен аты шыққан ауылда жергілікті тұрғындар мен күштік құрылымдардың арасындағы қақтығыстар соңғы кездері жиілеп кеткен болатын. Ауылдағы бүгінгі ахуал қалай? «АЖ» тілшісі сонда болып, бәрін өз көзімен көріп қайтты. Сурет 16 қазан 2017, 16:58 6 662 рет қаралды
Жоқтан жақсы дегені ме? Басқа жаңалықтар

Жоқтан жақсы дегені ме?

Өткен жылдың аяғында Нұрсая ықшамауданындағы 240 пәтерлік жалғыз жатақхананың кілті жетімдер үйінің түлектеріне, мүгедектігі барлар мен Химпоселке поселкесіндегі апатты үйлердің тұрғындарына, бюджеттік мекеме қызметкерлеріне табысталған болатын. Жатақхана тұрғындарының бүгінгі жағдайын «АЖ» тілшілері біліп қайтты. Сурет Бейнежазба 16 қазан 2017, 15:57 3 161 рет қаралды
Балалар екпесі Басқа жаңалықтар

Балалар екпесі

2017 жылдан бастап Атырау облысында 956 баланың ата-анасы вакцина ектіруден бас тартты. Мыңдаған ересек адамдарды жалпы қабылданған ережелерге қарсы шығуға не мәжбүр етті? Бұл сұраққа педиатрлар да, ата-аналардың өздері де жауап беруге тырысты. 16 қазан 2017, 13:06 7 271 рет қаралды
Қоғамдық көліктер: Ақтау, Орал, Ақтөбе Басқа жаңалықтар

Қоғамдық көліктер: Ақтау, Орал, Ақтөбе

Жақында жұртшылыққа «2017-2022 жылдарға арналған Атырау қаласындағы қоғамдық көліктерді дамыту тұжырымдамасы» таныстырылған болатын. Оны әзірлеуге қазынадан 22 млн теңге бөлінген болатын. Автордың пікірінше, оны жүзеге асыруға бюджеттен 12 млрд теңге бөлінуі керек. Ал жеке инвестиция салу - әркімнің өз еркінде болғандықтан оны санау мүмкін емес. Осы жұртшылық тыңдауларында қоғамдық көліктердің жүйесін бір ізге келтіруге болмай ма деген пікірлер айтылды. «АЖ» көршілес үш облыстағы қоғамдық көліктердің жай-күйін баяндайды. Сурет Бейнежазба 16 қазан 2017, 15:36 8 164 рет қаралды
Атырауда қайыр сұрағандар қанша табады? Басқа жаңалықтар

Атырауда қайыр сұрағандар қанша табады?

Жақында «Дина» базарынан қайыр сұраушыларды кездестірдім. Әсіресе, көзін тас жұмып басын шайқап, өзімен-өзі сөйлеп отырған шамамен 20 жастағы ер жігітке ерекше назарым ауды. Ал базардың күзетшісі қасына келіп, оған ол жерден тұруын талап еткенде әлгі жігіт лезде «ауруынан» айығып, сау адамдарша шауып кетті. Бірақ, көлеңкеде біраз тұрды да, кері орнына барып, қайта аурудың рөліне еніп алды. Сурет Бейнежазба 16 қазан 2017, 10:30 5 872 рет қаралды
Автокөлік жылқыға соқтығысты Басқа жаңалықтар

Автокөлік жылқыға соқтығысты

Құлсары- Атырау тас жолының Жылыой ауданы Шоқпартағай ауылы маңында «ВАЗ- 2105» автокөлігі жылқымен соқтығысты. Жол-көлік апаты салдарынан Шоқпартоғай ауылының 36 жастағы тұрғыны ауыр халде ауруханаға түсті.  16 қазан 2017, 14:42 3 138 рет қаралды
Түнгі қасапшылар Оқиға

Түнгі қасапшылар

Қазанның 12-сі күні түнгі сағат 3-терде облыстық жол-патрульдік полициясы Атырауға кіре берерде Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатты. Жеңіл автокөліктің жүк салғышының тым төмендеп, жер сызып бара жатқаны қырағы полицейлердің күдігін туғызған. Тексерген кезде жүк салғыштан құжаты жоқ үш сиырдың еті, арқан, балта, пышақ табылған. 13 қазан 2017, 15:03 3 947 рет қаралды