Қазіргі уақытта мұнайлы астанада көше жарықтандыру желілерін салудың бірінші кезеңі аяқталды: шамдары бар 1000-нан астам бағана орнатылды. Атырау облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы Жұмабай ҚАРАҒАЕВТЫҢ айтуынша, екінші кезең ағымдағы жыл соңына дейін орындалады – қала және қала төңірегіндегі ықшамаудандарда 20 көше кезекте тұр.
Жаңа шамдар 150 Вт қуатқа ие – бұл ескісіне қарағанда 100 Вт аз. Бірақ энергетика департаментінде түсіндіргендей, жарықтандыру сапалы болады, өйткені мұндай шамдардың жарық ағыны 19200 люменге сәйкес келеді. Бұл көрсеткіште қараңғы кезде жүргізушілер еш қиындықсыз кештетіп жүрген жаяу жүргіншіні көре алады. Сонымен қатар, жаңа жарық диодты шамдар диммерлеу (жарық ағынын реттеу) функциясымен жұмыс істейді. Ол арқылы электр энергиясын қосымша үнемдеу мүмкін болады.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
«Ақ Жайық» инфографикасы