Атырау, 26 желтоқсан 04:08
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Оқиғалар тізбегі

4 114 рет қаралды


Атырау облыстық ҚАЖД УГ-157/9 орташа қауіпсіз мекемесінде сәлемдемелерді тексеру кезінде үй қаймағы салынған стақан түбінен салмағы 84 г марихуана табылды.

***

Үйінен кетіп қалған әйеліне ренжіген Атырау тұрғыны қала маңындағы Көкарна поселкесіндегі балдызының үйін өртеп жіберген. Зиян мөлшері 5 млн теңгені құрады. Қаскөй зиянның орнын толтырып, жасаған ісіне өкініш білдірді. Сот оны ҚР ҚК-нің 202-бабы («Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру») бойынша 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

***

Жол-патруль полициясы батальонының сержанты К. 2017 жылы қауіпсіздік белдігін тақпаған Өзбекстан азаматына қатысты хаттама толтырудың орнына, одан 14 мың теңге пара алған. Атырау қалалық соты оны ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-тармағы («Пара алу») бойынша кінәлі деп тауып, өмір бойына құқыққорғау органдарында қызмет ету құқығынан айырумен қатар 840 000 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады. 

22 ақпан 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.