Атырау, 25 қараша 18:27
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Біздің апай тамаша!

5 501 просмотра


Жақында танысым күйеуі екеуі әлеуметтік желіден оқушы қызының сынып жетекшісінің жеке парақшасын кездейсоқ көріп қалыпты. Жағажайда купальник киген суреттерін, арқасын ашып түскен студиялық фотосуреттерін, сондай-ақ, бар үстелшесінің жанында қолына шарап құйылған бокалмен тұрған суреттерін жарияланған екен.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жасаған этикалық кодекс бар. Онда, атап айтқанда, әлеуметтік желілерге ойын-сауық мекемелерінде, шетелде демалыста түскен суреттерін, қымбат киім-кешектерінің суреттерін жариялауға кеңес бермейді. Мұғалімдерге қатысты мұндай ережелер жоқ. «АЖ» тілшісі осы тақырып бойынша әлеуметтік желілердің бірінде 25-40 жас аралығындағы 200-ден астам адам қатысқан сауалнама жүргізді.


Ата-аналар не дейді:

- Адамның жеке парақшасына өзінің демалысы туралы суреттерін қойғандығына алаңдаудың қажеті жоқ. Жұмыс аяқталғаннан кейін, тіпті, стриптиз билеуге барсын. Бастысы, сабақ кезінде балалармен педагогқа тән қарым-қатынас жасауы керек.

- Меніңше, мемлекеттік қызметші сияқты мұғалім де өз парақшасында жеке сипаттағы суреттерін жарияламауы керек.

- Тіпті, көкірекшесінің бауы көрініп тұрғанның өзі ұят. Мұғалімде тату болса, көрінбей жабық тұруы керек. Әлеуметтік желілердегі мұғалімнің парақшасы эстетикалық, әдемі болуы тиіс. Ішкің келе ме - іш, бар үстелшесінде билегің келе ме - биле, бірақ оны Интернетке жариялаудың қажеті жоқ.

Мұғалімдер не айтады:

Ирина: Менде бұған қатысты ешқандай қиындықтар жоқ, мен тек екі аккаунт аштым. Жабығына - отбасылық фотосуреттер, демалыс және басқа да жеке сәттерімді орналастырдым. Ашығында - көбінесе аспаздық рецептер, фильмдерге, кітаптарға пікірлер және осы тәріздес нәрселер бар.

Альмира: Балабақшаға енді жұмысқа кірген кезде, ата-аналарда да, балаларда да ешқандай сұрақтар болмас үшін қолыма татуировкаларды пластырьмен жабыстыратын едім. Үш жылдан кейін олай етуді доғардым - ата-аналардан әлі ескерту түскен емес.

Әйгерім: Жас ұстаздарға ата-аналардың онсыз да менсінбей қарайтынын ескеру керек.  Ал оның үстіне жеке кеңістіктегі суреттерге көпшіліктің назарын аударту арқылы олардың наразылығын күшейте түсеміз.



Бірақ мынадай сұрақ туындайды: олар этика нормаларына сілтеме жасап отыр ғой, ендеше түн болғанда үй тапсырмасын жазу туралы өтінішпен мессенджерге не үшін жазады? Сол кезде олардың мәдениеті қайда болды? Бұрын ата-аналар сабақтан кейін мұғалімге жақындап, балаларының жетістіктеріне қызығушылық танытатын. Енді олар бұл үшін біздің интернеттегі жеке парақшаларымызды пайдаланатын болған.

«Әлеуметтік желілерде мұғалімнің жеке сипаттағы суреттерін қоюы орынды ма?» деген сұраққа респонденттердің 92%-ы «ИӘ»  нұсқасын басса, қалғандары «жоқ» дегенді таңдады. Ал 75%-ы татулар, пирсингтер және басқа да «модификациялар» олардың мұғалімді қабылдауына еш әсер етпейтінін айтады. Сонымен бірге, респонденттердің 30%-ы білім беру қызметкерлері үшін мемлекеттік қызметшілерге қатысты ережелерді енгізу қажет деп санайды.

Анастасия АЛЮШИНА

1 наурыз 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.