Атырау, 19 сәуір 08:14
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Чемоданнан жарылғыш зат табылмады

Сурет Бейнежазба
3 561 просмотра


Бүгін, 27 ақпанда, таңертең  Молдағұлова көшесіндегі «Сағира» дүкені маңын арнайы күштік құрылымдар қоршауға алды. Дүкен иесі 26 ақпан күні кешке екі ер адам келіп, қара чемоданды тастап кеткендігі, ішінде бомба бар деп қауіптенетіні жөнінде полицияға хабарлаған.

«АЖ» тілшілері оқиға орнына сағат 11.20-да келіп жеткенде арнайы операцияның аяқталып қалған болатын. Чемоданда "жарылғыш зат" болды деген бейресми ақпарат расталмады. Оның ішінен ер адамның киімдері мен ас әзірлеуге арналған мак ұнтағы шыққан.

Дүкен әкімшісі Баян ШАЛТАЕВА:

- Кеше кешке дүкенге келсем, күмәнді чемодан жатыр жерде. Дүкеншіден сұрасам,  кеше екі жігіт қоя тұрайықшы деп өтініп, содан әлі алып кетуге келмеген. Мен қанша уақыттан бері неге алмайды, кеш болды ғой деп уайымдап, учаскелік полицияға хабарладым.

Ал облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, бұл факт бойынша жалған ақпарат таратты деген баппен қылмыстық іс қозғалмайды. Себебі бұл жалған ақпарат тарату емес, дүкеншінің сақтығы болып есептеледі:

- Әзірге чемодан иелері табылмады. Бірақ оларға да, дүкеншіге де ешқандай әкімшілік шара қолданылмайды.



Айнұр САПАРОВА

Видео: Ғани САҒЫНДЫҚОВ

27 ақпан 2018, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.