ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ
Лаган қаласында (Қалмақ Республикасы) спорт қайраткері В. Анхановты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті.
Атырау облысы құрамасының активінде екі қола алқа: 38 келіге дейін - Бағыт Батырлан (жаттықтырушысы Ф.Камитов), 48 келіге дейін - Исламбек Хамидоллаев (жаттықтырушысы М.Садықов). Равиль Мұқашевқа «Үздік техникасы үшін» арнайы сыйлығы берілді.
БЕЛДЕСІП КҮРЕСУ
Чистополь қаласында (Татарстан Республикасы) белдесіп күресу бойынша Бүкілресейлік ашық турнир өтті.
Атыраулық ауыр салмақты спортшылар Айбек Ахметов (90 келіге дейін) пен Амандық Абылай (100 келіден жоғары) бұл жерде күміс алқа иеленді. Қазір олар сәуір айында Астанада өтетін ҚР чемпионатына дайындалуда.
ТАЭКВОНДО
БАӘ-де G-1 санатындағы (WTF нұсқасы) «Fujairah open» халықаралық рейтингілік турнирі өтті.
Қазақстан әйелдер құрамасында алтын жүлде алған атыраулық спортшылар Айдана Еділбаева мен Айгүл Елубай ерекшеленді.
КАРАТЕ
Алматыда каратэ шинкиокушинкай бойынша Қазақстан чемпионаты өтті.
Атырау федерациясының құрамында алты спортшы болды. Есет Мырзабаев 65 келіге дейінгі салмақта ел чемпионы атанып, жасөспірімдер арасында 35 келіге дейінгі салмақта Ринат Наукебаев күміс алқа алды. Екеуі де Азия чемпионатына жолдама алды. Оларды турнирге жаттықтырушылар Н.Кенжеболатов пен Е.Цой дайындады.
САМБО
«Батыс аймақтық аэромобильді жедел-құтқару жасағы» (БААЖҚЖ) ММ спорт залында ТЖД қызметкерлері арасында облыстық чемпионат өтті.
62 кгеліге дейін – «БААЖҚЖ» ММ құтқарушысы Қайырбек Биғалиев, 74 келіге дейін – Индер ПЧ-5 қызметкері Айбек Ерғалиев, 90 келіге дейін –Ганюшкино ПЧ-6 қызметкері Ерсейіт Бралин, 90 келіден жоғары - Атырау қ. ПЧ-2 қызметкері Нұрлыбек Қатапов жеңімпаз атанды.
МИНИ-ФУТБОЛ
«Геолог» ДСК-де облыстағы футбол ардагерлерін еске алуға арналған қалалық І ашық турнир өтті. Оған облыс орталығы мен аудандардан 12 команда қатысты.
Ашылу салтанатында бұрынғы белгілі футболшылар Қанат Галямов, Роман Ли, Юсуп Закерьяев сөз алды. Турнир қорытындысы бойынша 1-ші орынды «КеденТрансСервис» командасы, 2-ші орынды «Болат», 3-орынды «Залина» командасы алды. Үздік ойыншылар: қақпашы - Ғалам Әміров («Болат»), қорғаушы - Асқар Дәулетқалиев («Алламан»), шабуылшы - Владислав Борисов («Залина»), үздік бомбардир – Айбар Оңғарсынов, ең пайдалы ойыншы - Арслан Құтқожин (екеуі де «КеденТрансСервис»-тен) жүлделермен марапатталды. Турнир облыстық футбол федерациясының күнтізбелік жоспарына енгізілді. Ол тұрақты негізде жүргізілетін болады.
ЕРКІН КҮРЕС
«Атырау» ДСК-де 2001-03 жылғы кадеттер арасында ҚР чемпионаты өтті. Турнирге барлық өңірден 400-ге жуық спортшы қатысты.
Боз кілемде шайқас қыза түсті, өйткені, чемпиондар әлем және Азия біріншілігіне жолдама алған еді. 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде барлық қарсыластарын мерзімінен бұрын жеңген атыраулық палуан Бекзат Жалғасов осы жолдаманы жеңіп алды.
71 келіге дейінгі салмақта Жастілек Шамарданов облыстық құрама қоржынына қола алқа салды. Спортшыларды жаттықтырушылар А.Жаманбаев, А.Лекеров және Т.Исламғазиев дайындады.
КИКБОКСИНГ
Тбилисиде өткен Еуразия кубогында Атырау облысының құрамасы керемет өнер көрсетті.
Жандос Назарбеков, Жанәлі Сәлімгерей, Дәурен Керімов және Сәлімжан Сәлімгереев алтын алқа иеленді, Аллаберген Қайса – күміс, Аян Шомбалов қола алқа алды.
***
Қостанайда жасөспірімдер арасында кикбоксингтен ҚР чемпионаты өтті. Лоу-кик және фулл-контакт санаттарында Атырау облысының құрамасы 5 алтын, 1 күміс және 4 қола алқа алып, қоржындарын толтырды.
Төлеуғали Исламсанжар, Махамбет Сапуов, Дастан Амантурлин, Серікжан Сәлімгереев пен Аян Жанболатов чемпион атанды, қыздар арасында Анель Жанғалиева күміс алқа иеленді. Енді олар қыркүйекте Италияда өтетін әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғайды.
ДЖИУ-ДЖИТСУ
Алматыда джиу-джитсу бойынша ҚР чемпионаты өтті. Атыраулық спортшы, грэпплингтен 2017 жылғы ардагерлер арасындағы әлем чемпионы Тыныс Бисалиев осы спорттың ең күрделі бөлімі - комбатта - абсолютті салмақ дәрежесінде алтын алқа жеңіп алды.
- Біреулер ардагер бұл турнирде ешқашан жеңе алмайды деп айтқан еді, мен олай еместігін дәлелдедім. Жақында 40-қа толамын, ал мен әлі күресіп жүрмін, - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында.
ДОЙБЫ
Атырауда наурыз айында Түркістанда өтетін балалар арасындағы Қазақстан чемпионатына іріктеу үшін облыстық іріктеу чемпионаты өтті.
Мирас Рахметоллаев пен Зинеп Темірбай (2010 жылғы және одан кіші), Кенжеғали Қалыбек пен Жібек Әдиет (2008-09 жж.), Бекарыс Жұмалиев пен Мөлдір Серікова (2005-07 жж.), Мақсат Өтеғұлов пен Данагүл Жұмалиева (2002-04 жж.) алтын алқа мен ел чемпионатына қатысу құқығын алды.
ШАХМАТ
Атырауда шахматтан ел чемпионатының жартылай финал кезеңі аяқталды. Ерлер арасында - Павлодардан Константин Казаков, әйелдер арасында - Астанадан Әмина Қайырбекова жеңімпаз атанды.
- Турнир барысында екі партиядан - Зейнеп Сұлтанбек және Лия Құрманғалиевадан ұтылдым, бірақ, соңғы турлар алдында өзімді қолға алып, алға шықтым, - дейді қуанышымен бөліскен Әмина.
Қазақстанның барлық облыстарынан келген шахматшылар «классика» турниріне (халықаралық рейтингті ескере отырып) қатысты. Қатысушылардың көпшілігі Атыраудан – 34 адам қатысты, бірақ, олардың бірде-біреуі алқа ала алмады. Сонымен қатар, бәсекелестіктің өте жоғары болғандығын атап өту керек: 3 халықаралық шебер, 9 шебер және ФИДЕ нұсқасы бойынша шеберге 5 үміткер болды. Жүлделі орындарды жеңіп алған спортшылар сәуір айының аяғында Алматыда өтетін финалға жолдама алды.
Бұл турнирде Қазақстандағы шахмат тарихында тұңғыш рет 14 жасқа дейінгі қатысушы – астаналық Қазыбек Нөгербек финалға шығып, 2-орынды иеленді.
- Турнирдің Атырауда бұл спорттың дамуына жаңа серпін беретініне сенімдімін, - деді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко.
Атыраулықтар үшін үздік нәтиже - 7-орынды Жәнібек Аманов пен Диляра Ғабитова иеленді.
Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ