Атырау, 21 қыркүйек 10:45
 ашықВ Атырау +26
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Барлық жаңалықтар

Қоғам

Қызылордалықтардың тәжірибесі біздің баға үшін тиімді емес

Қызылорда қаласында балабақшаның жетіспеушілігі проблемасын жеке балабақшалар есебінен шешіп отыр. Біздің мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлері өз әріптестерінің тәжірибесімен алмасу үшін аталмыш қалаға барып қайтты. 26 қазан 2011, 18:58 2 617 просмотра
Жаңа томографиямен тексерілетін боламыз Басқа жаңалықтар

Жаңа томографиямен тексерілетін боламыз

Жақында облыстық аурухананың дәрігерлері жоғары технологиялық аппаратуралар – «Дженерал Электрик» фирмасының компьютерлік томографиясымен және магнитті-резонансты томография (МРТ) көмегімен диагностикалық тексерулер жүргізуге мүмкіндік алады.  26 қазан 2011, 18:16 6 743 просмотра
Экономика

Үй шаруасынан – үлкен бизнеске

Құрманғазы ауданында тұратын Сағидолла Ғалидуллин өз ісін ашып, мал шаруашылығымен айналысқысы келеді. Әрбір ауыл тұрғыны секілді мал ұстап, оны баға біледі. Бірақ үйреншікті шаруасын табысты іске айналдыру үшін білім жетіспейді. Ол облыстағы кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының ғимаратында таяу күндері ашылған  жаңадан үйренуші кәсіпкерлерге арналған курстарға сол үшін келіпті. 26 қазан 2011, 18:54 2 197 просмотра
«Болашақ» зауытында көшеттер бой көтермек Экология

«Болашақ» зауытында көшеттер бой көтермек

«Ақ Жайық» газетінің өткен санында біз алдағы уақытта көгалдандыру үшін табиғат пайдаланушылар арасында қала учаскелерінің бөлініп берілгендігі туралы хабарлаған едік. НКОК-Аджип ККО компаниясына  ең бір қиын деген учаскелердің бірі  - Алмагүл мөлтек ауданы бұйырды. 17 қазан күні «Болашақ» зауыты бойынша жасалған медиа-тур кезінде компания өкілдерінің бірі жергілікті жердің ерекшеліктері туралы біліп: «Біз бұл шараны толық жүзеге асыра аламыз» деп мәлімдеді. Ал журналистер үшін «Болашақ» зауыты маңында «жасыл жолақты» құру барысындағы  жұмыстың басталғандығы туралы ақпарат тосын сый болды. 20 қазан 2011, 15:45 5 468 просмотра
Басқа жаңалықтар

Досмұхамбетова Астанаға кетті

Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік төрағасының өкімімен 90-шы жылдардың аяғынан бері Атырау облысы табиғи монополияларды реттеу жөніндегі департаментті басқарып келген ДОСМҰХАМБЕТОВА Балжан Ибатқызы аталмыш агенттік төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 20 қазан 2011, 15:28 2 316 просмотра
Жырға айналған жатақхана Басқа жаңалықтар

Жырға айналған жатақхана

–Біздің пәтерлеріміз қайда? – дейді Говоров көшесі, 12-үй  мекен-жайындағы бұрынғы жатақхананың тұрғындары наразы көңілмен. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қызметкерлері сендіргендей, олар биылғы жылдың басында жаңа баспанаға көшіп барулары тиіс болатын. 20 қазан 2011, 16:08 3 284 просмотра
Басқа жаңалықтар

Медиаторлар саны көбеюде

Атырау облысына медиаторлар легі ағылды. Медиация туралы заң  күшіне ене бастаған тұста, тамыз айында бізде бар болғаны лицензиясы бар бір ғана «ымыраластырушы» болатын, бүгінде олардың саны үшеу болды. Және бұдан басқа тағы да алты адам арнайы оқуларын бітірген соң лицензияларын алуға дайындалуда. 20 қазан 2011, 15:39 2 280 просмотра
Басқа жаңалықтар

Қысқа қайырғанда

Өзінің 18-ші туған күніне орай «Қазпошта» АҚ пошташылардың облыстық спартакиадасын өткізді.Спартакиадаға барлық жеті аудандағы пошта байланысы желіле-рінің, облыстық филиалдың басқарма аппаратының командалары мен облыстық арнайы байланыс қызметінің командалары қатысты. Жеңімпаздар «Қазпошта» АҚ Атырау филиалының мақтау қағаздары мен ескерткіш сыйлықтарымен марапатталды. 20 қазан 2011, 15:35 1 677 просмотра
Қыш көзелер сыр шерткенде Мәдениет

Қыш көзелер сыр шерткенде

Қаңыраған үйдің суық бөлмесіндегі ескі отырғышта киімін шаң басқан, "солдафон" етік пен тақия киген шаршаңқы жүзді әйел отырды. Жанында су құйылған шелек пен шүберек, түрлі қоқыстар үйіліп жатыр. Ал жылуды сезінген бұралқы мысық аяғының астына оратылыпты. Әйел өзінің өткені мен қазіргі күйі туралы сыр шертті. Біз жаңа ғана кеберсіген саз құмыралар қойылған үстел басында шәй ішіп отырмыз. Мен бір танысымның : "А-а, Зинат па? Ол өзі біртүрлі қызық адам" деген сөзін есіме алдым. "Иә, осылай деп бетіме де айтады", деп күлді кейінірек ол. Ол әпенділеу әйел болуы мүмкін, бірақ өзін өте бақытты сезінеді. 20 қазан 2011, 16:14 8 316 просмотра
Сапасыз ойыншықтар қайда жасырынды? Қоғам

Сапасыз ойыншықтар қайда жасырынды?

Санитарлық дәрігерлер балалар ойыншығы дүкендеріне күтпеген жерден тексерулер жүргізді. Алайда «күтпеген жерден» дегендері жай сөз ғана секілді, өйткені тексеру жөнінде алдын ала хабарланып қойылған екен. 19 қазан 2011, 18:30 11 191 просмотра
Ақбөкендердің орынын сипап қалмайық Экология

Ақбөкендердің орынын сипап қалмайық

Ресей мен Қазақстан ақбөкендерді сақтап қалуға үндеген келісім жобасын жасап шығарды. Құжатқа таяу уақытта РФ табиғат ресурстары мен экология министрлігі және ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі қол қоюы тиіс. 19 қазан 2011, 18:24 8 448 просмотра
Басқа жаңалықтар

Үйді өздері салып алды

Атырау облыстық стаистика департаментінің мәліметтері бойынша үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларында тұрғын үй құрылысына 14,1 млрд. теңге инвестиция бөлінген. Бұл өткен жылғыға қарағанда 26,6 пайызға көп. 19 қазан 2011, 18:26 2 404 просмотра