Алматы. 21 тамыз. ҚазТАГ – Азия даму банкі (АДБ) Қазақстанға қазіргі мәселелерге қатысты экономиканы нығайтуға бағытталған бағдарламаны іске асыруда көмек болатын $1 миллиард сомасындағы займды мақұлдады, делінген банк таратқан хабарда.
«АДБ-нің Контрциклдік қолдау қорынан бөлініп отырған бұл займ ел үшін мұнайға әлемдік бағаның төмендеуіне және көршілес мемлекеттерде экономикалық өсудің баяулауына болжанбаған теріс әрекетті жеңілдетуде қажетті қаржылық қолдау көрсетеді», - деді АДБ Орталық және Батыс Азия департаментінің бас экономисті Лотте Шоу-Зибель. "Бұл үкіметке инфрақұрылымды жаңғыртуда және жұмыс орнын құру бойынша бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда, әлеуметтік қызметтер көрсетуде, аз қамтылған отбасыларды қолдауда және жеке секторды, атап айтқанд а кіші бизнесті дамытуда көмек береді".
Бұл бағдарламаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан трансферлер, АДБ займы, сондай-ақ даму бойынша басқа серіктестердің ықтимал қаржыландыруы қолдау көрсетеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттің мұнай кірістерін сақтайды, экономикалық тұрақтылықты қолдауға жібереді, сондай-ақ келер ұрпаққа қол жетімді етуін қамтамасыз етеді.
АДБ займы жуырда үкімет пен Ұлттық банктің еркін құбылмалы курсына және инфляциялық таргетирлеуге көшуден кейін экономиканы тұрақтандыру бойынша күш-жігерін қолдайды.
Займ қаражаты АДБ-нің қарапайым капиталдық ресурстарынан әрбіреуі $500 миллион болатын екі траншпен бөлініп, басты реформаларды іске асыруда қолдау көрсетеді. Бұл займ 5 жылға ұсынылады, оның пайыздық мөлшерлемесі LIBOR плюс 200 базистік пункттер мөлшерлемесі негізінде АДБ несиелендіру құнынан белгіленеді.
Басты кеңсесі Манилада орналасқан АДБ миссиясы тегіс қамти алатын экономикалық және экологиялық тұрақты өсу және өңірлік ықпалдасу арқылы Азия-Тынық мұхиты өңірінде кедейшілікті қысқарту. Банк 1966 жылы құрылған, 67 ел оның мүшелері болып табылады, оның ішінде 48-і осы өңірден. 2014 жылы АДБ көмегі $9,2 млрд. ортақ қаржыландыруды қоса алғанда $ 22,9 млрд. құрды.
Дереккөз: ҚазТАГ