Валюта курстары ауытқып тұр – 21 тамызда түрлі айырбастау бекеттері мен банктерде доллар сату бағасында 18 теңге айырмашылықтар орын алды.
Егер күннің алғашқы жартысында Атыраудың айырбастау бекеттері мен екінші деңгейлі банктерде доллар 251-254 теңгеден сатылса, түстен кейін 235,5-240 теңгеге түсті.
Кейбір айырбастау бекеттері халықтан доллар сатып алуды тоқтатты.
Бағаға биржадағы өзгерістер әсер етуде: сауда бүгін 249,6 теңге бағаммен ашылып, күндізгі сессияда бұл сан 246,9-ға төмендеді. Ұлттық банктің курсы 1 долларға 255,26 теңгені құрайды.
Демалыс күндері уақытша тыныштық орнайды – биржа демалады, көптеген валюталық кассалар дүйсенбіні күтіп, сауданы тоқтататын болар.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА