
Атырау облыстық сотында Құрманғазы аудандық сотының жаңа төрағасы ресми түрде таныстырылды.
Облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Анаргүл Салихова қызметтік іс-сапармен аудандық сотқа барып, ұжыммен, мемлекеттік органдардың басшыларымен, қоғамдық ұйымдар өкілдерімен және медиаторлармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ҚР Президентінің 2026 жылғы 9 маусымдағы Жарлығына сәйкес Гүлсім Бестерекқызы Тасқынбаева Құрманғазы аудандық сотының төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін ол осы соттың судьясы қызметін атқарған.
Гүлсім Тасқынбаева Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын тәмамдағаннан кейін еңбек жолын 2000 жылы Тараз қалалық сотында машинист-хатшы болып бастаған. Кейін сот жүйесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарып, 2004 жылы Президент Жарлығымен Құрманғазы аудандық сотының судьясы болып тағайындалған.
Анаргүл Салихова жаңа төрағаны қызметімен құттықтап, облыстың судьялар корпусы атынан сенім білдіріп, міндеттерін адал атқарып, жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірді.
В Атырау +30.3 





