Атырау, 7 қазан 09:25
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қарағандыға іссапармен келген шенеунік сегізінші қабаттан секіріп өлді

1 518 просмотра

Қарқаралы әкімі аппаратының басшысы өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". Қарағандыға іссапармен келген 39 жастағы Думан Әзімханов тұрғын үйдің сегізінші қабатынан секіріп кеткен.

Агенттіктің мәліметінше, оқиға 20 тамызда болды. Бұл туралы Жедел жәрдем қызметі "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне жұма күні хабарлады. Дәрігерлердің айтуынша, ер адам бас жарақаты мен сүйек сынықтарынан оқиға орнында қаза тапты.

Қарқаралы ауданының әкімдігі агенттікке әкім аппараты басшысының Қарағандыға іссапармен кеткенін хабарлады.

"Туыстарының үйіне тоқтаған. Оның суицидке баруының қызметіне қатысы жоқ. Ол жақсы жұмыс істеді, ұжымда сыйлы болды. Өзіне қол жұмсауына ауыр дертке шалдығуы себеп болуы мүмкін", - деді әкімдіктегілер.
Дереккөз: tengrinews.kz

21 тамыз 2015, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.