Қазіргі қарбыздар мен қауындар неге нитраттарға толы және «ерте пісетін», «кеш пісетін» қарбыздар түсінігі неге жоғалып кетті? Осы мәселелерге «АЖ» үшін Алматыда биологиялық таза көкөністер өсірумен айналысатын «Технопарк-2030» ЖШС директоры Шыңғыс РЫСБЕКОВ түсінік берді.
БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА САЯХАТ
Рысбеков – қазақстандықтарға селитрасыз, табиғи биогумус арқылы өсірілген балама өнімді ұсынған бірінші адам.
- Менің мақсатым – дұрыс бәсекелестікке қол жеткізу, алайда ең бастысы, адамдарға нағыз қарбыз дәмінің химикаттарға толтырылған қарбыз дәмінен айырмашылығын танытып, селитралы қарбыздарды сатуды тиімсіз ететіндей жағдай жасау, - дейді ол.
Биыл «нағыз» қарбыздар мен қауындардан алматылықтар ауыз тиеді, алайда келесі жылы олар Атырау базарларына да келеді.
- Естеріңізде ме, бала күнімізде ата-аналарымыз 10-20 қарбыз алып, кереует астында айлар бойы сақталып тұратын еді ғой. Бұл сондай қарбыздар. Биологиялық таза қарбыздарды (қысқарту үшін биоқарбыз деп атайын), яғни нитратсыз, пестицитсіз, гербицидсіз өсірудің, сондай-ақ біз кең қолданатын жабынды астында тамшылатып суару әдісінің қиындықтарын есепке ала отырып, Алматыда биоқарбыздардың құны бір келісіне 80 теңге болды, ал бұл уақытта қарапайым (химиялық) қарбыздар 20 теңгеден сатылды.
- Яғни, қазіргі барлық, соның ішінде Атырау облысында сатылатын қарбыздарда селитра бар деп айтқыңыз келе ма?
- Әрине. Айырмашылық тек мөлшерлерінде. Селитра енгізудің орташа нормасы - бір га жерге 200-400 келіден келеді деп айта аламын. Әр жыл сайын мұны көбейте беру керек, өйткені селитрамен уланған жерде қарбыз дұрыс өспейді, сондықтан да мөлшерін көбейтуге тура келеді. Сонымен қатар, селитраны жер тек 20% ғана сіңіреді, қалғаны топыраққа кетіп, жерасты суларын, сонымен бірге болашақ өнімді де улайды.
...Агрономдар қолданатын түрлі айлалар да бар. Мысалы, нитрат өлшейтін аспап артық көрсетпес үшін селитраны жеміс өспес бұрын салады, содан кейін 3 рет суарады. Осының нәтижесінде селитра көрінбейді, өйткені нитрат өлшегіш анықтайтын ерітілетін бөлігі қарбыздың мәйегіне сіңіп үлгереді. Адамдардың химиялық қарбыздың дәміне үйренгендері соншалық, қарбыздың шын мәніндегі дәмін білмейді. Қазір қарбыз жегенде нені сезесіздер? Тістегеннен кейін қышқыл дәм сезесіз, қарбыз мәйегі қағаз сулықтай шайналады, қаттылық байқалады. Әрі қарай алданған асқазан селитрадан тез құтылуға тырысып, не регургитация (қуыс ағза ішіндегісінің кері бағытта лықсуы, мысалы: құсу, кекіру), не диарея болады. Мен биоқарбыздың дәмін татып, ұмыт болған балалық шақ дәмін еске түсірдім, мұны жеген кез келген адам айырмашылықты бірден аңғарады.
- Бақша дақылдарын өсіру барысында химияны жаппай қолдану себебі не? Тез өсе ме?
- Мүлдем олай емес, биоқарбыздар үлкен болмаса да, бұлардан ертерек піседі. Селитраны қолданудың басты себебі – адамдардың ашкөздігі: селитра егін орағын 5-7 есе арттырып, қарбыздың мәйегін өсіреді.
«ҮНЕМІ ТЕКСЕРІП ОТЫРАМЫЗ»
Айта кетсек, Атырау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы қазіргі қарбыздардың химиямен қоректенгенін мойындап отыр. Басқармаға жіберген сұранысымызға бақша дақылдарынан сынама алу олардың Атырау сауда нүктелерінде пайда болған сәтінен бастап тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Зерттеулер хаттамаларына сәйкес, химия құрамының артуы барлық кезде де байқалған. Алайда жауапта қай сауда нүктесінде нормалардан арту фактілері тіркелгені жөнінде ақпараттар жоқ. Тек 9 дүкенге қатысты іс Атырау қалалық әкімшілік сотына берілгені туралы жазылған.
Департаментте де нитратты өнімді анықтау бойынша іс-шаралар әрі қарайда жалғасын табады деп сендірді. Сонымен қатар, ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің елге кіргізілген көкөністер мен жемістердің нитрат құрамына Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекараларындағы тексеру бекеттерінде, сондай-ақ ҚР аумағында өндірілетін көкөніс өнімдерінің құрамына жүйелі зертханалық бақылау жасау туралы қаулысы шықты.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген автор