Атырау, 17 қаңтар 08:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -7
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

KASE қор биржасының таңғы сессиясының қорытындысы бойынша доллар - 253 теңге

1 777 рет қаралды

KASE қор биржасының таңғы сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 253 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сағат 10:15-те бағам 252,5 теңге болса, 10.30-да 252,92 теңгеге көтерілді.

Еске сала кетейік, 20 тамыздағы KASE қор биржасының кешкі сессиясының қорытындысы бойынша доллар 252,26 теңгеге тең болған еді. Саудаға валюта нарығының 13 мүшесі қатысты. Сауда көлемі - 21,5 миллион доллар болды.

Еске салайық, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

Дереккөз: tengrinews.kz


21 тамыз 2015, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.