
Футболдан әлем чемпионатына алғаш рет жолдама алған Өзбекстан құрамасы жаһандық додадағы тұсаукесер кездесуін өткізді.
К тобындағы алғашқы турда тәжірибелі Колумбия құрамасына қарсы ойнаған өзбекстандық футболшылар 1:3 есебімен есе жіберді. Жеңіліске ұшырағанымен, бұл кездесу көрші елдің футбол тарихында ерекше орын алды.
Оңтүстік америкалықтармен болған тартыста өзбекстандықтар сапынан жартылай қорғаушы Аббосбек Файзуллаев ерекшеленді. Ол қарсылас қақпасын дәл көздеп, Өзбекстанның әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы голының авторы атанды. Осылайша жас футболшы өз елі үшін тарихи жетістікке қол жеткізгенімен, бұл гол ойын тағдырын өзгертуге жеткіліксіз болды. Колумбиялықтар кездесуді толықтай өз бақылауында ұстап, сенімді жеңісті уысынан шығарған жоқ.
Осы доданың L тобындағы алғашқы кездесу де жанкүйерлер үшін тартысты сюжетке толы болды. Мұнда Гана мен Панама ұлттық құрамалары кездесіп, алаңда шиеленісті ойын көрсетті. Ойын ұзақ уақыт бойы голсыз тең аяқталуға жақын тұрған еді. Алайда, төреші белгілеген негізгі уақытқа қосылған алтыншы минутта ганалық футболшылар жеңіс голын соғып, маңызды үш ұпайды қоржындарына салды.
Осылайша, алғашқы турдың қорытындысы бойынша Колумбия мен Гана құрамалары өз топтарында турнирді жеңіспен бастап, плей-офф кезеңіне шығу жолында маңызды қадам жасады.
В Атырау +23.3