Атырау, 7 қазан 09:19
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«АрселорМиттал Теміртау» жұмысшылардың жалақысын төмендету туралы шешімін кейінге қалдырды

2 241 просмотра

КАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ теңге еркін ағымға жіберілгеннен кейін жұмысшылардың еңбекақысын 25%-ға төмендету туралы шешімін кейінге қалдырды.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Орын алған валюталық реттеулерге байланысты, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшылардың еңбекақысын 25%-ға төмендету туралы шешімін кейінге қалдырғанын хабарлайды. Қазіргі таңда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өз мүмкіндіктерін қайта бір қарап, қызығушылық танытқан тараптармен келіссөздер жүргізуді жалғастырып жатыр», делінген хабарламада.

Айта кетейік, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Виджай Махадеван бұған дейін жұмысшылардың еңбекақысын 4 қыркүйектен бастап 25%-ға төмендету туралы бұйрыққа қол қойған.

Дереккөз: inform.kz

21 тамыз 2015, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.