Атырау, 28 қараша 23:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Әкімнің өтініш-тапсырмасы: «Бағаларды ойнатпаңыздар»

2 443 просмотра

«Менің өңір басшысы ретінде сіздерге айтар өтінішім және тапсырмам бар: бағаларды ойнатпаңыздар», - деді бүгін облыстық әкімдікте болған жиналыста ірі супермаркеттер мен сауда үйлерінің өкілдеріне облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ.

Оның пікірінше, қазіргі теңгенің «еркін жүзуге» жіберілуі облыстағы азық-түлік тауарларының бағасына көп әсер етпеуі қажет, өйткені олардың көпшілігі Қазақстанда және өзіміздің өңірімізде өндіріледі.

- Мақтанған сияқты болсам да, мен өзім әкім болып сайланған 2012 жылдан бері азық-түліктік қауіпсіздік мәселесін көтердім. Біз аграрлық өнеркәсіпке 22 млрд теңге жойдық. Енді міне осының қызығын көретін уақыт келді.

Агрокешенге салынған қаржыларды бюджетке қайтару жақын әзірде басталуы тиіс. Өткен жылдың өзінде облыс өзін көкөніспен, жеміс-жидекпен қамтамасыз етті, артықтары Ресейге сатылды. Екі айдан кейін бөдене фермасын ашу жоспарлануда. Қазан айында жүн өңдеу өндірісінде қосу-баптау жұмыстары басталады.

- Осындай жағдайда бағалар негізсіз көтерілмеуі керек. Бізде адамдардың барлығы мұнайшы, бизнесмен емес, зейнеткерлер, атаулы көмек, тұрғын үй жәрдемақысын алатын халықтың әлеуметтік аз қамтылған бөлігі бар. Елбасының тапсырмасымен біз оларға қашан да қолдау көрсетеміз. Мен таңертең жиналыс өткізіп, барлығын тез санап шығуға тапсырма бердім. Қыркүйектен бастап жәрдемақылар кері қаралады.

Облыстық және қалалық әкімдіктер жанынан бағаларды бақылау бойынша жұмыс топтары құрылды. Олардың құрамына бизнес, Ұлттық банкінің Атырау филиалы, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, әкімдіктердің кейбір бөлімдерінің өкілдері кірді.

...Жиналыстан кейін менің әріптесім бірден баласына қажетті тауарларды алуға жақын жердегі супермаркетке барды. Бұрын 1600 теңге тұратын «Хаггис» жөргектер орамасын 1800 теңгеге, «Малыш» балалар сүт қоспасын 1237 теңгеге алуына тура келді (кеше ғана 1100 теңге еді).

20 тамыздың өзінде Атырауда тұрмыстық техника 30%-ға қымбаттады. 19 тамызда бір оқырманымыз 121 мың теңге тұратын ыдыс жуу машинасына тапсырыс берген, ал 21 тамызда оған жаңа бағаны хабарлады – 171 мың теңге.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 тамыз 2015, 18:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.