Атырау, 28 қараша 23:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Ұлттық банкі курсты реттемейді

1 824 просмотра

21 тамызда Орталық коммуникациялар орталығының Атырау филиалында Ұлттық банкінің жергілікті филиалының басшысы Қозыбақ ҚҰЛБАРАҚОВТЫҢ теңгені босатқаннан кейінгі екінші деңгейлі банктердің жағдайлары бойынша брифингі өтті.

Жұрттың бәрін Ұлттық банкі курсты қандай да бір амалдармен реттей ме деген басты сұрақ қызықтырды. Жоқ, ол тек долларды сатып алу-сату курстары арасындағы айырмашылық 2 теңгеден, еуро саудасында 3 теңгеден аспауын қадағалап отырады.

Доллармен берілген несиелерді кері қаржыландыруға келсек, бұл бағдарлама үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап жұмыс жасап жатыр. Оған Ұлттық банкі 130 млрд теңге бөлген, сыйақы мөлшерлемесі - 3%. Облысымызда бүгінде осындай 400-ге жуық қарыз бар, олар 2004-2010 жылдары берілген, негізінен тұрғын үй сатып алуға жасалған. Бағдарламаға қатысушылардың тізіміне «Казкоммерцбанк» АҚ ( «БТА Банк» және «БТА Ипотека» АҚ), «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Fortebank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Еуразия банкі » АҚ және «Нұрбанк» АҚ кірді.бағдарлама несие алушылардың көп бөлігіне ипотекалық несиелерін өтеу талаптарын жұмсартуға бағытталған, алайда ең алдымен халықтың әлеуметтік аз қамтылған бөлігіне қолдау көрсетіледі. Облыстық әкімдік жанынан кері қаржыландыру бас тартылған қарыз алушылардың шағымын қарайтын комиссия құрылды.

Қ. Құлбарақов, сондай-ақ, үкімет 1 млн-нан аспайтын мөлшерде ұлттық валюталы депозитке ие жеке тұлғаларға курстық айырма бойынша өтемақы төлеу мәселесін қарап жатыр. Мұндай мөлшердегі депозиттер барлық теңгемен салынған салымдардың 86%-ын құрайды екен.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

22 тамыз 2015, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.