Атырау, 18 мамыр 22:24
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Бұл адамдар аспаннан салбырап түскен жоқ»

4 132 просмотра

2014-15 оқу жылында Атырау облысының түлектері ҰБТ тапсыру кезінде жинаған орташа балл - 61. Бұл республика бойынша ең төменгі көрсеткіш деп мәлімдеді таяудағы педагогтардың тамыз конференциясында білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шәкіржан МЫРЗАҒАЛИЕВ.

505 түлек түрлі пәндер бойынша «қанағаттанарлықсыз» деген баға алды. Бұл бағаның көпшілігі – математика мен орыс тілі бойынша алынды. Тек түлектердің 6 пайызы мемлекеттік білім беру грантын ала алды. Педагогикалық конференцияда сөйлеген сөзінде Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ әсіресе

Индер, Мақат, Қызылқоға және Жылыой аудандары түлектерінің аз грант алғандығына баса назар аудартты. Тағы бір тұрақты өзекті мәселе – мектепке дейінгі балалар мекемесіндегі орындармен қамту. Өткен жылы 2900 (мемлекеттік және жеке балабақшалар, мектеп жандарындағы мини-орталықтар, мектепалды даярлық орталықтары), жыл басынан бері – тағы 1026 жаңа орын ашылды. Жыл аяғына дейін 4 балабақшаның құрылысын аяқтап, тағы біреуінің құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бұлармен қатар өткен жылы 7 жеке балабақша, ал биыл тағы 12-сі жұмысын бастады.

Өз сөзінде облыс әкімі тағы екі проблеманы қозғады:

Біздің балаларымыз бүлдіргі діни ағымдардың ықпалымен шетелге кетіп жатыр. Бұл адамдар бізге аспаннан салбырап түскен жоқ, олар облысымыздағы мектептерде білім алып, осы жерде өсті. Өкінішке орай, жасөспірімдер арасында суицид фактілері де бар. Тек алғашқы жарты жылда алты жасөспірім өз өмірлерін қиды. Әр факті бойынша тексеру жүргізіледі. Білім беру, жастар саясаты, денсаулық сақтау, ішкі істер басқармаларына ЮНИСЕФ өкілдерімен бірге мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, шаралар жоспарын жасақтауды тапсырамын.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ. Атырау облысында 150 балабақша, мектепалды даярлайтын 137 мини-орталықтар, 25 арнаулы-техникалық оқу орындары және 193 мектеп жұмыс жасайды. Олардың арасында 166 орта, 15 негізгі (қоса алғанда 9 сыныпқа дейін), 12 бастауыш мектептер бар. 136 мектеп – қазақ тілінде оқытатын, 52 аралас және 5-уі орыс тілді. Сонымен қатар дарынды балаларға арналған 5 мектеп жұмыс істейді.

21 тамыз 2015, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.