Атырау, 27 қараша 20:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңесін өткізді

2 698 просмотра

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңесі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кеңеске Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері мен бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Онда арнаулы органдардың қызметін жетілдіру, талдау және болжау жұмыстарының сапасын арттыру мәселелері қаралды.

Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы сыртқы нарықтардағы үдерістерді мұқияттылықпен мониторингтеу, ахуалдың өзгеруін, ықтимал тәуекелдер мен қатерлерді бағалау, сондай-ақ оқиғалардың дамуын болжау негізінде алдын алу шараларын әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Қазақстан Президенті мемлекеттік органдардың әлеуметтік-экономикалық даму, сондай-ақ бес институционалдық реформаның және "Нұрлы жол" бағдарламасының стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі жұмыстары ел ішіндегі және әлемдегі жағдайды жан-жақты талдауға негізделуі тиіс екендігін айтты.

Айта кетейік, 20 тамызда ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгеніңеркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.
Дереккөз: tengrinews.kz

21 тамыз 2015, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.