Атырау, 28 қараша 23:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Тасымалдау техникасының ғажайыптары

3 597 просмотра

Атырау қалалық әкімдігі қоғамдық көлік проблемаларын шешуде қадамдар жасауды жалғастыруда.

ҚОЗҒАЛЫС АҚПАРАТЫ

Қаңтарда әкімдікте «Жолаушылар көлігін диспетчерлеу жүйесінің» таныстырылымы өткен еді. Осы жүйені жасақтаушы болып табылатын «KazInterSoft» компаниясының директоры Әділбек НҰҒМАНОВ оның қалай жұмыс жасайтынын әңгімелеген болатын. Автобусқа терминал орнатылады, ол ақпаратты онлайн арқылы серверге жібереді. Ол жерде осы мәліметтер өңделеді, тасымалдаушыға және қалалық салалық қызметтерге арналған есептер жасақталады. Жүйе жинақталған мәліметтер базасында ақпаратты қала тұрғындары үшін интернет-порталға немесе ұялы қосымшаға жолдай алады. Осы жүйенің веб-интерфейсі арқылы бір нүктеден басқасына: базарға, кеңсеге, дүкенге дейін қандай маршрут арқылы жетуге болатындығын білуге болады. Тасымалдауды басқару орталығындағы диспетчерлер жүргізушілердің жұмысын бақылай алады және заң бұзушылық болған жағдайда олардың әрекеттеріне түзету енгізе алады. Бұдан басқа, базаға қосымша елді мекендерді енгізуге болады. Бұл қанатын тез жайып келе жатқан қала үшін өзекті. Маусымның басында қалалық биліктерге IBA Group компаниясы қоғамдық көлікке жаңа автоматтандырылған төлем жүйесін енгізу ұсынысымен шықты. Ол барлық қажетті ақпараты бар, соның ішінде жеңілдіктер бойынша арнайы кәртішкемен төлеуге мүмкіндік береді.

Кәртішкедегі балансты арнайы терминалдармен және банк арқылы толықтыруға болады. Ал көлікте төлемді қабылдау үшін арнайы ақпарат оқығыштар – валидаторлар мен электронды компостерлер орнатылады. Өз кезегінде, мәліметтерді орталық серверге жолдай алуы үшін валидатор жүргізушінің бортты компьютеріне жалғанған. Жолаушылар кәртішкені валидаторға жақындатады да одан жолақының құны алынады.

Осы уақытта ТКШ бөлімінде Атырау Орталық диспетчерлік қызметі таныстырылды. Әзірге жүйе қоғамдық көлікті қамтиды, ал әрі қарай оны «Атырау Су Арнасы», «Арнаулы автобаза» және басқа қалалық қызметтердің арнайы машиналарына орнату жоспарланып отыр.

МАРШРУТТАРДАҒЫ ҚАРСЫЛЫҚ

Қалалық ТКШ бөлімінің көлік, энергетика және байланыс секторының басшысы Қуаныш ИБРАГИМОВТЫҢ пікірінше, жұмыс жасаған бірнеше ай ішінде диспетчерлеу жүйесі өзін жақсы жағынан көрсете білген. Қазір қалалық және қала маңындағы маршруттарда алты тасымалдаушының 355 автобусы жұмыс істейді. Олардың ең бастысы - «АйсТрансХолдинг» ЖШС, оның құзырында бүкіл маршруттардың 80 пайызы бар. 316 маршрутқа GPS орнатылды, ол қазір пилотты режимде жұмыс істеуде. Диспетчерлік қызмет желіге қанша маршруттың шығатынын, қандай жылдамдықпен жүретінін, қандай заң бұзушылықтар болатынын бақылайды. Енді қолда нақты мәліметтер болған кезде, қалалық ТКШ бөлімі тасымалдаушы компаниялармен тақырыптық әңгіме өткізе алады. Қ.Ибрагимовтың айтуынша, кейбір жүргізушілер (әдетте, негізгі маршруттарда емес) - GPS-трекерлерді ажырата бастаған. Мұны машина бұзылып қалды, жөндеуге тұруға тура келді деп ақталып түсіндіреді.

- Біздің қолдауымызбен қалалық әкімдіктің жанынан толықтай мемлекет қатысымен «Смарт Атырау» ЖШС құрылады. Оның қызметі күнделікті өмірге «Ақылды қала» жүйесін енгізуге бағытталған, - дейді «Atyrau Innovations» компаниясының директоры Азамат АСЫЛБЕКОВ. - «Смарт Атырау» алдымен GPS-трекерлерді маршруткаларға орнатты, оған қоса «ақылды» таблоны қаладағы 30 аялдамаға орнату жоспарланып отыр. Ол жерде қазіргі уақытта жолаушылар күтіп тұрған маршрутканың қай жерде екендігі, қандай уақыттан кейін келетіндігі туралы ақпарат болады.

Одан кейінгі кезең электронды билет беру жүйесін енгізу болуы тиіс. Нақты мерзімдер аталмайды, алайда қазір осы қызметті ұсынушыға іріктеу жүргізілуде. Осынау арзан емес жүйеге салынатын қаржы көбейіп жатқан жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдерімен ақталады деп растайды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

21 тамыз 2015, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.