Атырау, 27 қараша 20:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Келімбетов қазақстандықтардың көкейінде жүрген бірнеше сұраққа жауап берді

2 522 просмотра

Image 0

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов КТК телеарнасындағы "Слуги народа" бағдарламасының тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді. Бағдарлама эфирге 23 тамызда шықты.

Келімбетов қазақстандықтардың көкейінде жүрген бірнеше сұраққа жауап берді: валюталық бағамға түзету жасала ма, бір сәттік девальвация болуы мүмкін бе, доллар мен еуроға не болады, дедолларизация қалай өтеді, мұнайдың, азық-түлік пен киімнің бағасы қалай өзгереді, зейнетақы қорында қандай өзгеріс болады, жинақ қорын қай валютамен сақтаған дұрыс, девальвацияның болғанын кім талап етіп отыр, алтын-валюта резервіндегі жағдай қалай.

Келімбетов Ұлттық банктің алтын-валюта резервінің 2015 жылдың алғашқы маусымында алдыңғы жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда "17 пайызға өскенін, яғни 29 миллиард долларға жақындағанын" (сәуір-мамыр) айтты.

Ұлттық банк төрағасы реттеушінің "инфляциялық таргеттеу саясатына" қалай өткенін айтып берді. Оның айтуынша, бұл Ресейде былтыр болған жағдайға ұқсас. "Ресейдің Орталық банкі 5-7 жыл бойы дайындалды. Дедолларизация бойынша үлкен жұмыстар жасалды. Ресейдің банк жүйесі мен валюталық депозитінің деңгейі 20-25 пайыздан жоғары емес", - деді Келімбетов.

Телеарна тілшісі өз кезегінде Қазақстан Ресейдің "жүріп өткен жолынмен өтуге дайын емес" екенін айтты.

Келімбетовтың айтуынша, екі жыл ішінде Қазақстанда теңге орташа есеппен 22 пайызға төмендеді: "Әлемдік бәсекелестікке сәйкес құнсыздану болды".

Ұлттық банк төрағасы "дедолларизация бойынша өте маңызды жұмыстардың" арнайы кестемен жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. "Егер сіз жылжитын және жылжымайтын мүлікті сатып алу жөнінде келісімшартқа отырсаңыз, ол мемлекеттік тіркеуден өткізіледі, сәйкесінше оның ақысын теңгемен төлеу керек болады", - деді ол.

Келімбетов дедолларизацияның бір күнде аяқталмайтынын айтты. "Бұл заң жобасының өзгеруі, халықтың қаржылық сауаттылығы. Шамамен 3-5 жылда аяқталады".

Келімбетовтің айтуынша, бұрын мемлекет депозитке ақша салғандарға бес миллионға дейінгі сомаға кепілдік берсе (доллармен де, теңгемен де), жаңа заң жобасы бойынша енді тек теңгемен ақша сақтағандарға 10 миллионға дейін кепілдік беріледі.

Теңгенің келешегі туралы сұраққа Ұлттық банк төрағасы былай деп жауап берді: "Мұнай бағасы енді 100 доллар немесе одан жоғары болмайды. Алдағы үш жылда баррель 70-80 доллар болады деп үміттенеміз. Сонымен қатар, Қазақстан таңдап отырған саясат ғажайып әкелмейді, сондықтан да баррель бағасы 50 доллар болады деп болжап, соған сәйкес бюджетті үнемдеу керек".

"Ұлттық банктің мақсаты бағаның өсуіне жол бермеу. Президент 2020 жылға 3-4 пайыз инфляцияға жетуге тапсырма берді", - деді Келімбетов.

Ұлттық банк төрағасы Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсері туралы сұраққа да жауап берді. Келімбетов Ресей экономикасы әлдеқайда орнықты екеніне сенімді.

Келімбетов жинақ қорды теңгемен де, шетел валютасымен де пропорционалды түрде сақтауға кеңес берді. "Бұл да бизнес жоспарға байланысты. Теңге немесе доллармен қайда сақтайтыныңызға байланысты", - деді ол. Келімбетов 4700 адам депозит ашқан "Валют-Транзит банктің" 2006 жылғы жағдайын еске алды. Ол әр салымшыға мемлекеттің 4,3 миллион теңге төлегенін айтты.

"Біз түбегейлі өзгерістің болмауы үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бір жағынан, Мемлекет басшысы жаңа саясатқа өтер алдында ескерту жарияланатынын айтты", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Дереккөз: tengrinews.kz


24 тамыз 2015, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.