Атырау, 6 желтоқсан 06:49
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Ким Чен Ын КХДР әскеріне шабуылға дайын болуды бұйырды

2 970 рет қаралды

Image 0АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын ел әскерін толық жауынгерлік дайындықта болуын бұйырды. Таяуда Солтүстік және Оңтүстік Корея елдерінің арасында артиллериялық атыс болды, деп хабарлайды ВВС.

Корея Еңбек партиясы ОК Орталық әскери комитетінің отырысынан кейін КХДР қарулы күштерінің атыс тактикалық шабуылдауға толық жауынгерлік әзірлікке өтуі тиіс туралы жарияланған.

Сәрсенбіде КХДР әскерлері шекарада Оңтүстік Корея аумағына снаряд жіберді. Оған жауап ретінде Оңтүстік Корея да зеңбірек оғын атты.

Сеул солтүстіккореялық жауынгерлердің Оңтүстік Кореяның өз аумағында антикоммунистік насихат жүргізетін дауыс зорайтқышты жоюға әрекет жасағанын мәлімдеді.

Дереккөз: inform.kz

21 тамыз 2015, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.