Атырау, 26 маусым 15:24
 снегВ Атырау +23.9
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41

Барлық жаңалық

Ауру жұқтырғандардың жартысынан көбі – облыс орталығында Атырауда

Ауру жұқтырғандардың жартысынан көбі – облыс орталығында

Соңғы екі аптада облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 0,8 есеге төмендеген. Аурушаңдық жағдайы биыл былтырғыдай Теңіз кен орнында емес, облыс орталығында көп тіркеліп отыр. Бұл туралы Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлназ ИРБАТЫРОВА брифингте хабарлады. 30 тамыз 2021, 18:01 1 698 рет қаралды
«Алғашқы қоңырау» тек бірінші сыныпқа өтеді Атырауда

«Алғашқы қоңырау» тек бірінші сыныпқа өтеді

1 қыркүйекте «Алғашқы қоңырау» шарасы тек 1-сынып оқушылары үшін ата-ананың біреуін қатыстырып ұйымдастырылады. Бұл туралы брифингте облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВ айтты. Ал 2-11 сынып оқушылары үшін «ҚР тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаты өтеді. 30 тамыз 2021, 17:46 2 370 рет қаралды
«Қашықтан оқу болмайды, оқушылардың бәрі мектепке келуі керек» Атырауда

«Қашықтан оқу болмайды, оқушылардың бәрі мектепке келуі керек»

Жаңа оқу жылында оқушылар мектепке барып оқиды. Ал ата-аналар жиналысы, мәдени-тәрбиелік көпшілік іс-шаралар онлайн өткізілмек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. 30 тамыз 2021, 17:33 2 606 рет қаралды
Атыраулық жүзуші Паралимпиада ойындарының финалына шықты Атырауда

Атыраулық жүзуші Паралимпиада ойындарының финалына шықты

Атыраулық жүзуші Ержан Сәлімгереев Токиодағы Паралимпиада ойындарында 50 м қашықтыққа баттерфляй әдісі бойынша жүзуден финалға шықты, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. 30 тамыз 2021, 11:43 1 566 рет қаралды
Шошқа иісіне тұншыққан тұрғындар митингке шықты Атырауда

Шошқа иісіне тұншыққан тұрғындар митингке шықты

Қала маңындағы Водниково-2 ықшам ауданында жергілікті тұрғын үй ауласына кең ауқымда шошқа фермасын жасап алған. Мал шаруашылығымен айналысқан жақсы-ау, бірақ бұл кәсіптің келеңсіз тұсы болып тұр. Сол төңіректің тұрғындары қолқаны қабатын иістен зардап шеккені сондай, наразылыққа шықты. Бейнежазба 29 тамыз 2021, 20:22 2 023 рет қаралды
Көкөніс неге қымбат? Атырауда

Көкөніс неге қымбат?

Жаз соңында әдетте көкөністер мен жемістер арзандайды. Жыл сайын тамыз айында қысқа арнап, қолдан тұздалған қияр мен тосап дайындау үшін көкөністер мен жемістерді көтеріп сатып алу басталады. Бірақ бізде Атырауда бағаның арзандағанын байқамадық. Мұның себебі неде? Жергілікті шаруалар жоғары бағаны бірнеше себептермен байланыстырады, олардың бірі – күннің аптап ыстығы. Сурет 28 тамыз 2021, 15:36 2 796 рет қаралды
​«Құлсары – кішкентай қала» Атырауда

​«Құлсары – кішкентай қала»

Құлсарыда жүгенсіз кеткен жүргізушілерді қарайтын жол-патрульдік полициясына тиесілі екі «Нива» ғана бар екен, оның біреуі ғана жүріп тұр. Біз соған отырып, қала ішіне рейдке шықтық. Сурет Бейнежазба 28 тамыз 2021, 10:57 2 537 рет қаралды
Атырауда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты Атырауда

Атырауда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында білім алушылар арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында қаулы етемін. 28 тамыз 2021, 10:30 2 730 рет қаралды