Атырау, 22 желтоқсан 17:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Шошқа иісіне тұншыққан тұрғындар митингке шықты

Бейнежазба
1 918 рет қаралды

Қала маңындағы Водниково-2 ықшам ауданында жергілікті тұрғын үй ауласына кең ауқымда шошқа фермасын жасап алған. Мал шаруашылығымен айналысқан жақсы-ау, бірақ бұл кәсіптің келеңсіз тұсы болып тұр. Сол төңіректің тұрғындары қолқаны қабатын иістен зардап шеккені сондай, наразылыққа шықты.

Олардың айтуынша, иіс ондаған, тіпті жүздеген метр жерге таралады. Сыртта жүру, терезені ашу мүмкін емес. Бұл мәселені ферма иесімен тікелей шешу мүмкін болмаған соң олар митингке шыққан.

- Бәрі екі-үш шошқадан басталды, енді мал басы көбейген. Үнемі көліктер келіп, ет алып кетеді, оған дейін мал сойылады, шошқаның шыңғырғаны да қорқынышты. Сойылған шошқаның қанын, қажетсіз ішек-қарнын қоқыс контейнерлеріне лақтырып тастайды. Иіс желмен таралады, тыныстау мүмкін емес, күлімсі иіс үйдің ішіне кіріп кетеді. Бұл мәселені шешу керек, - дейді көршісі Бақыт ҚҰРАМЫСОВА.

Тұрғындардың айтуынша, жеке ауладағы шошқа фермасы 5 жылдан бері бар. Ал оның жұмысшылары қалдықтарды түн жамылып, қоқыс жәшіктеріне тастайды екен.

- Үнемі сасық иіс шығып тұрғандықтан, терезелерді аша алмаймыз. Шара алуларыңызды сұраймын, - дейді Амангелді ТАСБОЛАТОВ.

Былтыр олар қалалық ветеринариялық қадағалау бөліміне шағым жолдаған, алайда кәсіпкер шенеуніктердің ескертуін елең қылмаған. Ал қала билігі шаруаға негізді себепсіз кәсіпкерліктің бұл түрімен айналысуға тыйым сала алмайды: қалалық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Руслан ДӘУЛЕТОВТІҢ айтуынша, бұл кәсіп басқалардың денсаулығына зиян келтіретіні туралы нақты дәлелдерді қажет етеді. Олар бұл фактімен ветеринариялық қадағалау органдарына жүгіне алады. Осыдан кейін ғана тексеру тағайындалады.

Қала әкімдігі «жан-жақты талдау жүргізіп», оның нәтижесі туралы есеп беруге уәде беріп отыр. Ал ауыл тұрғындары енді сотқа жүгінбекші.

Кәсіпкердің өзі баспасөзбен тілдесуден бас тартты.

Фархат ӘБІЛОВ

Бейнежазбаны түсірген автор

29 тамыз 2021, 20:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.