Атыраулық дзюдошы Зарина Байбатина Паралимпиада ойындарында күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті (ҰОК).
«Әйелдер арасында 70 келіден жоғары салмақта сынға түскен Зарина Байбатина Паралимпиаданың күміс медалін иеленді. Финалда ол әзірбайжандық Дурсадаф Каримовадан ұтылды», делінген жексенбіде таратылған хабарламада.
Естеріңізге салсақ, Қазақстан қоржынында қазір үш алқа бар. Алтынды пауэрлифтингші Давид Дегтярев иеленсе, екі күміс алқаны атыраулық екі дзюдошы - Әнуар Сариев пен Теміржан Дәулет жеңіп алды.